3260

Елордада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жаңа жоба басталды

Елордада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның мәдени мұрасы әлеміне саяхат» атты жаңа жоба қолға алынды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жаңа жоба қазақтың мәдени мұрасын сақтап, насихаттауға бағытталған.

«Бүгінгі шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатыр. Осы бағдарлама аясында қаншама асыл мұраларымыз танылып та, табылып та жүр. Қазақ мәдениеті ғасырлар бойы ұрпақтар арасындағы сабақтастықты жалғастырып келеді. 30 жылға жуық тәуелсіздік тарихымызда да ұлттық құндылықтарымыз аз дәріптеліп жүрген жоқ. Жобаның көздегені – жас ұрпаққа төл мәдениетімізді таныстыра отырып, олардың санасына рухани жаңғыру кодын сіңіру. Және әлемге қазақстандық мәдениетті жаңа тұрпатта таныстыру. Жоба аясындағы шаралардың алғашқысы – бүгінгі тұсаукесер. Одан әрі жоспарға түрлі бағыттағы тарихи-мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады», - деді ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова.

Оның айтуынша,  жоба 1 жылға арналған. Жоба жетекшілері оны Тәуелсіздіктің 30 жылдығына дейін жалғастыруды ойымызда бар», -

Белгілі болғандай, жоба аясында елордалық оқушылар тарихи-мәдени орындармен танысып, ғылыми зерттеулер жүргізеді.

«Оқушыларға арналған бұл шараның басты мақсаты – оқушыларды тарихи жәдігерлер мен ескерткіштер туралы терең танып білу мен оны құрметтеу. Сондай-ақ, ел өңірлерінің мәдениетімен таныса отырып, оқу-танымдық бағдарламаларды әзірлеу. Жоба 2019-2020 оқу жылына арналған. Бір жыл бойы оқушылардың қатысуымен түрлі бағыттағы шаралар ұйымдастырылады. Оның ішінде, танымал тұлғалармен кездесу, әдеби кеш, түрлі байқау және ғылыми жобалар жазу. Сонымен қатар, көрмелер мен ашық сабақтар өтеді. Жобаны Білім басқармасының бастамасымен қаладағы 5 мектеп бірігіп жүзеге асыратын боламыз», - деді қалалық №15 мектеп-лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғалия Омашева.

Айта кетейік, «Қазақстанның мәдени мұрасы әлеміне саяхат» атты жобаға қаланың №15, 18, 19, 21, 35 мектеп ұжымы мен оқушылары қатысып жатыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109