3117

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет»: қалалық әкімдік осы орайда қандай жұмыстар атқаруда

Қалалық әкімдікте өткен кеңесте халықпен кері байланысты нығайту мәселелері талқыланды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында қоғаммен кері байланысты нығайтуды тапсырды.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасына көшуді тапсырды.

Елорда әкімі А. Көлгінов халықпен кері байланыс динамикасы айтарлықтай жақсарғанын айтты. Қала тұрғындары әлеуметтік желілер арқылы, "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығында, сонымен қатар "iKOMEK109" мониторинг және жедел әрекет ету орталығында сұрақтарға жауап ала алатынын атап өтті. Алайда әлі де жұмыстану қажет. А. Көлгінов осы бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды."Тұрғындарды толғандыратын сұрақтарға уақтылы жауап беру - ең маңызды әрі басты жұмыс".

Үш ай ішінде қала әкімі 500-ден астам адамды қабылдады, 1400-ге жуық сұрақ түсті. Сұрақтардың 89% өз шешімін тапты. Тұрғындарға заң аясында көмек көрсетіліп, кеңестер берілді. Сондай-ақ, азаматтарды қабылдауды әкімнің орынбасарлары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары жүргізеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109