2527

Нұр-Сұлтанда «Ел тірегі - 2019» республикалық акциясы жүріп жатыр

Нұр-Сұлтан қаласының жас сарбаздары ҚР Күштерінің Құрлық әскерлері «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінің қатарына аттанды.  Күзгі әскери науқанда астананың 800-ден астам азаматы әскери қызметке аттандырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Әскери қызметке аттанған азаматтардың 300-і Қарулы Күштердің әскери бөлімдері қатарында қызмет ететін болады.

«Бұл күндері «Ел тірегі - 2019» республикалық акциясы еліміздің барлық өңірлерінде қызу жүріп жатыр. Қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің әскери бөлімдерін жас толыммен толықтыруды аяқтадық», - деді Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығының орынбасары Ақжолтай Уалиахметов

Қалалық әскерге шақыру дәрігерлік комиссиясының төрағасы Болат Омаровтың айтуынша, жастардың денсаулығы жылдан жылға жақсарып келеді.

«Дәрігерлік сараптама барысында Қарулы Күштерде қызмет ету үшін адамдар денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын бекітілген талаптарды қолдана отырып шақырылатын жастарды әскерлердің тектері мен түрлеріне алдын ала бөлудеміз. Бір қуантатыны, жастардың денсаулықтарының жалпы жағдайы жылдан жылға жақсарып келеді», - деді  ол.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істері жөніндегі дерпартаменті қалалық әкімдікпен бірлесе отырып, мамандығы жоқ және жұмыспен қамтылмаған жастар бойынша келісілген кешенді жұмыстар жүргізіп келеді.

Мәселен,  2019 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқанында әскерге аттандырылған 826 азаматтың 514 адам, яғни – 62,2% жұмыссыз жастар.  Нормативтік құқықтық актілер бойынша мамандығы жоқ жастар әскери мамандықтар алу үшін оқу-жаттығу бөлімдеріне жіберіледі. Бұл оларға болашақта әскери қызметті келісімшарт бойынша жалғастыруға мүмкіндік береді. Олардың көпшілігі мерзімді әскери қызметтен кейін келісімшарт бойынша қызметте қалып жатыр.

Келісімшарт бойынша қызметті жалғастыра отырып әскери қызметші әлеуметтік көмекке ие болады: баспанамен қамсыздандыру, төмен пайыздық мөлшермен ипотекаға мүмкіндік, өзіне және жанұясына тегін медициналық қызметтер, санаторияларда емделу, балабақшаға кезектен тыс орын, жанұясының мүшелерін жұмысқа орналастыру, зейнетке ерте шығу.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109