2226

«Share» жобасы: Кембридж университетінің педагогтары елордалық мұғалімдермен тәжірибе бөлісуде

Мектеп кестесін, оқытудың жаңа әдістерін, оқушыларды ынталандыру жүйесін Кембридж университетінің оқытушылары мен елордалық педагогтар талқылады. Елордада "SHARE" пилоттық жобасы іске қосылды. Үш күндік семинар барысында шетелдік қонақтар "мектеп көрінісі", "білім берудегі көшбасшылық", "іс-әрекеттегі практиканы зерттеу" сессияларын өткізеді, оқушылармен кездесіп, білім беру жүйесінің тәжірибесімен бөліседі. Жобаға қаланың 5 мектебі қатысуда.

Қала әкімі А. Көлгінов шетелдік тәжірибе алмасу – әлемдік тренд, "тек білім арқылы ғана табысқа жетуге болады" деп атап өтті.

"Сіздер жаңа әдістеме арқылы білім алып, біліктіліктеріңізді арттыру үшін қолайлы жағдай жасаймыз. Сіздің мәртебеңіз оқыту сапасына тікелей байланысты. Егер бала таңертең мектепке асық болса, аса қуанышпен сабақ оқыса - бұл сіздің жетістігіңіз. Мектеп директоры қандай импульс пен бағыт берсе, мектеп те сондай болмақ. Елордада халық санының өсуі байқалады, оның ішінде оқушылар саны өсуде. Балалардың болашағы, олардың білімі сіздерге байланысты", - деп атап өтті А. Көлгінов.

А. Көлгінов тәжірибе алмасу бойынша осындай жобалар басқа мектептерде де өткізілетінін атап өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109