2993

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған астаналықтарға медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу шарттары түсіндірілуде

Нұр-Сұлтанда қалалық құрылымдардың өкілдерінен құрылған мобильді топтар ресми тіркелмеген, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтармен кездесу өткізуде. Аталған санаттың медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу шарттарын түсіндіру жұмыстары Орталық базар мен «Керуен» ОСО-да өтті, - деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мобильді топтардың құрамына қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, Байқоңыр және Есіл аудандары, Жұмыспен қамту орталығы, Көші-қон полициясы, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өкілдері кірді.

Мамандар халықтың міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу шеңберінде өз мәртебесін анықтау мақсатында сауалнама жүргізіп, Бірыңғай жиынтық төлемін төлеу тәртібін түсіндірді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бекітілген кестеге сәйкес мұндай кездесулер халық көп жиналатын жерлерде өткізілетін болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109