923

Елордада жыл басынан бері 42 адам улы газбен уланды

2019 жылдың 9 айында қалада өрт шықпағанына қарамастан 42 адам улы газбен уланды. Зардап шеккендердің 26-ы кәмелетке толмаған бала, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордалық ТЖ департаментінің қызметкерлері барлық азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін аса жоғары ынтамен сақтау қажеттігін ескертеді.

Құтқарушылар әр күн сайын жадынамалар тарата жүріп, рейдтер мен аралаулар өткізеді. Олардың барысында әр адам білуге тиіс қауіпсіздік ережелерін, улы газдан зардап шегушіге көрсетілуі тиіс алғашқы көмек туралы және жылыту пештерін дұрыс қолдануды үнемі ескертуде. Алайда жасалған ескертулерге қарамастан, азаматтар өрт қауіпсіздігін сақтай бермейді. Мәселен, ағымдағы жылдың 9 айында улы газбен уланудан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу салдарынан 42 адам жарақат алды, оның ішінде 26 бала бар.

Уланудың себебі, негізінен, жылыту пешінің ақаулығы болып табылады. Ағымдағы айда ТЖД қызметкерлері 44 мыңнан астам тұрғын үйді аралап, 76 988 адамды қамтыған, халықпен 224 жиналыс өткізді.

Халықтың әлеуметтік осал топтарының  үйлеріне 1 129 датчиктер орнатылды.

Жылыту маусымының басталуына орай, құтқарушылар улы газ өте қауіпті және тез әрі білінбей әрекет етеді, сондықтан адам өмірі мен денсаулығы істелген шаралардың жылдамдығына байланысты екен еске салады.

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД қарапайым өрт қауіпсіздік ережесін сақтауды сұрайды:

- пеш жағу кезеңі алдында пештерді жөндеу қажет, мұржаларын бір айда кем дегенде бір рет күйеден тазалап отырыңыздар;

- майлы және газды тұрмыс құралдарын, тас және ағаш пештерін тексеру үшін жыл сайын арнайы әзірліктен өткен шеберлерді шақыртыңыздар

- өрт болған жағдайда «101» қызметіне телефон шалу керек.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109