7622

Демалыста елордада қандай іс-шаралар өтеді?

Қазан айының соңғы демалысы елордалықтар үшін қызықты іс-шараларға толы болады. Атап айтқанда астана тұрғындары мен қонақтарын концерттер, ғарышқа саяхат, хэллоуин, спорттық шаралар күтіп тұр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің  ресми сайты.

24 қазанда ЭКСПО көрме орталығының павильондарының бірінде денсаулық сақтау бойынша көрме өтеді. Оған Gradum, Medelement, medi Kazakhstan, Nazarbayev University Research and Innovation System, SwissKazMed, Витанова, ВМП Азия (VYGON), «Медицинский город» медициналық орталығы, Медэксперт Евразия, Омбы клиникалық диагностикалық орталығы,  Астана оқу-клиникалық орталығы, Новосибирь, Омбы, Томск қалаларының ұйымдары және т.б. қатысады. Көрме 24-25 қазан күндері сағат 09.00-18.00 аралығында жұмыс істейді.

25 қазанда «NE PROSTO ORCHESTRA» үшінші концерттік маусымын ашып, симфониялық оркестр мен хордың сүйемелдеуімен өнер көрсетеді. Концертте «Гарри Поттер» және «Пираты Карибского моря» кинофильмдерінің саундтректерін орындайды. Концерт «Астана» концерт залында сағат 19.00-де басталады. Билет бағасы 3500 теңгеден басталады.

Осы күні   Астана Марриот қонақүйі қала тұрғындары мен қонақтарын «Oktoberfest» шарасына қатысуға шақырады. Ұйымдастырушылар бас аспаздан нағыз бавар асханасының тағамдары ұсынады. Келушілерге Kaz Ist Fantastisch және т.б. топтар өнер көрсетеді. Кіру  15 000 теңгеден басталады.

Мимиория астананың ең кішкентай тұрғындарына Хеллоуинға арнап бірнеше сауық кешін өткізуді көздеп отыр. қонақтарға 3 түрлі бағдарлама ұсынылады: 4-7 жас аралығындағы балаларға ертеңгілік, 8-12 жас аралығындағы жасөспірімдер мен 13 жастан асқан балаларға арналған кеш өтеді.

26,27 қазанда және 2,3 қарашада балаларға арналған ертеңгіліктер 10:30, 13:00 және 14:30-де өтеді. Сол күндері жасөспірімдерге арналған кеш 17.00 және 18.00-де басталады. Ал 13 жастан асқан балаларға арналған кеш 31 қазанда 20.00-де өтеді.

Қонақтарды тәттілер, тематикалық безендіру, фотоаймақ, аквагрим, асқабақтан жасалған апликациялар және  «Деревня Мастеров»арт студиясының тематикалық шығармашылық шеберлік сағаттары күтеді. Билет бағасы 4000 теңге.

25 және 26 қазанда «Voice of Nur-Sultan» халықаралық музыка фестивалі болады. «Қазақстан» ОКЗ сахнасында Ресей, Болгария, Украина, Грузия, Португалия, Қытай, Әзербайжан, Қазақстанның танымал әншілері қатысады. Көрермендер The Limba, Райм және Артур, Ziruza, M’DEE,   «Песни» жобасының жартылай финалисі Say Mo, Жiгер Ауыпбаев, Мадина Садуақасова, Рустем Нұржігіт, Асылбек Еңсепов, Бейбіт Көшқалиев. Басталуы 19.00-де, билет 1100 теңгеден басталады.

26 және 27 қазанда «Астана Опера» театры Байронның поэмасының желісі бойынша жазылған «Корсар» балетіне шақырады. Қойылым сағат 19.00 басталады, кіру ақысы 500 теңгеден бастап жоғары.

Айта кетейік, сенбі 26 қазанда астаналықтар көптен күткен ресейлік «Звери» тобының концертін тамашалау мүмкіндігіне ие болады.  Нұр-Сұлтанда әртістер «У тебя в голове» гастрольдік турының аясында өнер көрсетеді. Екі сағаттық бағдарламада көрермендер Рома Зверь мен оның тобының үздік әндерін тыңдап, сағыныштарын баса алады. Концерт Конгресс орталықта, сағат 19.00-де басталады. Билет 8400 теңгеден басталады.

Конгресс орталықта 27 қазанда тағы бір концерт өтеді. Бұл күні сахнада ресейлік Miyagi & Andy Panda(Эндшпиль) өнер көрсетеді. Владикавказдық дуэт үш жылдың ішінде өздерінің хип-хоп әндерімен тыңдарманның жүрегін жаулап алды. Билеттер 10 000 теңгеден басталады.

Айта кетейік, бұл күні қалада тағы бір концерт өтеді. «The Bus» барында британдық әнші, артист және композитор Алекс Клэр жеке концертін береді. Оның әндерінен дабстэп, драм-н-бейс, гранж, электроника, джаз, соул және көптеген музыкалық аспаптардың үнін тыңдауға болады. Билет 10 500 теңге, кеш 20.00-де басталады.

Алдағы демалыс геймерлер үшін де қызыққа толы болады. 27 қазанда «Жекпе-жек» сарайында Counter-Strike: Global Offensive, Dota 2, StarCraft II және Pro Evolution Soccer 2020 бойынша World Electronic Sports Games 2019: Kazakhstan іріктеу кезеңінің қорытындысы өтеді. Бір ай бойы Қазақстанның ең үздік ойыншылары ақтық сынға өту үшін бақ сынады. Турнир жеңімпаздары Алматыда өтетін Alibaba Sports, World Electronic Sports Games 2019: Central Asia компаниясы ұйымдастырған киберспорттан ірі халықаралық чемпионатқа жолдама алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109