3358

А. Көлгінов-ұстаздар қауымына: "Технологиялардан бір-екі қадам алда болу қажет"

Елордада "Мектеп әлемін өзгертетін ұстаздар" атты ХІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференция басталды. Екі күн бойы қатысушылар оқыту тәжірибесімен бөлісіп, оқытудың жаңа әдістерін ұсынады.

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес біліс беру ұйымының басқарма төрағасы Күләш Шамшидинова атап өткендей, балалардың махаббаты - мұғалім мамандығының ең басты артықшылығы.

"20-30 жыл бұрын оқытқан шәкіртің сені көрген кезде, "Сіз кезінде менің ұстазым болдыңыз, сізге көп рахмет", - деген сөзінің өзі біз үшін үлкен марапат. Құрметті әріптестер, қоғам мұғалімдерге үлкен үміт артады. Мұғалімге қойылатын талаптар жоғары. Егер әр күн сайын әлемді жақсартатын бір жан болса, бұл-мұғалім!",- деді К. Шәмшидинова.

"Әлем мұғалімі" сыйлығына үміткер Асхат Жұмабеков мұғалім болуды бала кезінде-ақ шешіп қойған. Оның ең бірінші оқушысы інісі болған. Асхат інісіне 6 жасында үш таңбалы сандарды көбейтуді үйреткен.

"Махатма Ганди айтқандай, әлемді өзгерткің келсе, өзің өзгеріп, сол өзгеріс бол. Мұғалім жаңалықтардан хабардар болып, жаңа әдістемелер мен технологиялармен жұмыс істей білуі қажет. Біздің жетістіктеріміз-біздің оқушыларымыздың жетістіктері. Осындай конференциялар бізге тәжірибе алмасуға және алған білімімізді тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді ", - деді А. Жұмабеков.

Қала әкімі Алтай Көлгінов педагог мамандығы - қазір әлемдегі ең маңызды мамандықтардың бірі екенін атап өтті.

"Ұстаз-қоғамдағы басты тұлға.  Педагог балаларды тәрбиелеп, білім береді. Баланың тұлға болып қалыптасуына үлкен септігін тигізеді. Жаһандық әлемнің еңбек нарығында болып жатқан трансформациялар әрбір мұғалімді "өмір бойы білім беру" принципін түсінуді және қабылдауды талап етеді. Мұғалімдеріміз әрдайым бір-екі қадам алда болуы керек", - деді А. Көлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109