1985

Елордада «Ұлылыққа тағзым» тарихи-танымдық іс-шарасы өтеді

«Рухани жаңғыру» бағдарламы аясында 31 қазан күні Нұр-Сұлтанда  «Ұлылыққа тағзым» тарихи-танымдық іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 31 қазан күні сағат 16:00-де Оқушылар сарайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Алаш қайраткерлері, ұлт ағартушылары Сұлтанбек Қожанұлы, Хайретдин Болғанбай, Асылбек Сейіт, Телжан Шонанұлының 125 жылдығына арналған «Ұлылыққа тағзым» тарихи-танымдық іс-шарасын өткізеді.

Шараның мақсаты ұлт мұраты жолында өлшеусіз еңбек еткен Алаш ардақтылары hәм тарихи ірі тұлғалардың есімін, еңбегін ұлықтау, сол арқылы жас ұрпақты ұлтын, тілін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу, таным көкжиегін кеңейту. Ұлылардың қайраткерлігін, мұраларын көпшілік қауымға насихаттау. Елорда жастарының білімін шыңдау әрі рухани қуатын арттыру.

Тарихи-танымдық іс-шара барысында Алаштың аяулы азаматтары туралы бейнесюжеттер көрсетіледі, ұлт  тұлғаларын, тарихи жолын зерттеуші ғалымдар ой-пікірлерін ортаға салады, театрландырылған бағдарлама ұсынылады. Сондай-ақ, қайраткерлердің ұрпақтары, туысқандары аталған шараға арнайы шақырылған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109