4409

Нұр-Сұлтанда пәтерлер тек кезек бойынша беріледі – әкімнің кеңесшісі Е.Бейсенбаев

Елорда әкімінің кеңесшісі Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, мессенджерлерде Нұр-Сұлтан қаласында пәтерлерді кезексіз алып жатқаны туралы жалған ақпарат тараған. Кезексіз пәтер беру қарастырылмаған. Әлеуметтік баспана кезекте тұрған азаматтарға заң шеңберінде тек кезек бойынша беріледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ағымдағы жылдың ақпан айында мемлекеттік органдар мен тұрғындар арасында коммуникативті ваккум қалыптасты. Бұл мәселені шешу үшін қалалық әкімшілік қоғамдық қабылдаулардың қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін концептуалды шараларды қабылдады.

Екіншіден, бүгінгі таңда әкімдіктің негізгі қызметі халықпен кері байланысты нығайтып, азаматтық қоғаммен толыққанды өзара байланыс орнатуға бағытталған.  Мәселен, елордада әлеуметтік желілерде «кері байланыс»  орнатылып, «Жанұя» және iKomek орталықтары жұмыс істер тұр. Сонымен бірге қала әкімінің жанында қоғамдық қабылдау тиімді қызмет атқаруда.

«Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап әр апта сайын қала әкім, оның орынбасарлары, аудан әкімдері мен мемлекеттік органдар басшыларымен тұрақты түрде азаматтарды қабылдайды. Атап айтқанда, әкімнің қоғамдық қабылдауы басталған уақыттан бастап, 29 маусымнан бүгінге дейін А.Көлгінов қаланың 500-ден астам тұрғынын қабылдады. Онда 1347 өтінім бойынша мәселе көтеріліп, 89% кешіктірілмей шешімін тапты. Сондай-ақ орынбасарларымен 1,4 мыңнан аса, аудан әкімдері мен басқарма басшылары 2,5 мыңнан аса елорда тұрғынын қабылдады», - деді Е.Бейсенбаев.

Тұрғындардан түсетін мәселелердің көбі тұрғын үй, білім, несиелік қарызын өтеу, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, материалдық көмек, абаттандыруғ ТКШ, жолдарға қатысты.

Екіншіден, «Жанұя» отбасын қолдау орталығы 70-тен аса мемлекеттік қызметті біріктіріп, бір терезе қағидасы бойынша азаматтарға көмек көрсетеді. Ашылған күннен бастап оған 4,5 мыңнан аса адам жүгініп, 8,5 мың мәселе көтерді. Оның 6,5 мыңы бойынга жүйелі консультациялар беріліп, 2 мыңға жуығы шешімін тапты.

Үшіншіден, аудан әкімдіктерімен «Open Akimat» принципі енгізілді, соның шеңберінде ашық есік күндері өткізіліп, елорданың 1000-нан аса тұрғыны қатысты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109