3150

«Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында жол қауіпсіздігінің мәселелері талқыланды

Достық үйінде «Астана - адалдық алаңы» жобасы аясында жолдағы қауіпсіздік мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтіп, онда жол қауіпсіздігінің мәселелері қаралды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің айтуынша, қаланың барлық коммуналдық және әлеуметтік нысандары қысқа дайын.

«Қыс мезгілінің алдында қала тұрғындарын жолдардың жағдайы алаңдатады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздікті, оның ішінде жол қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды. Бүгінгі біздің басты міндетіміз  -  азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Кейде біз мән бере бермейтін нәрселер азаматтардың өмірі мен денсаулығына әсер етуі мүмкін. Мәселен, қар түсіп, көктайғақ кезінде қарды тазалап, жолдарды уақытылы ашып отыру маңызды. Қазір біз қысқа дайынбыз, барлық алдын-алу шаралары қабылданды. Жарақат қауіпі жоғары кезеңде қала тұрғындарынан өтінім көп түседі. Біз барлығын жедел шешуге тырысамыз», - деді әкім орынбасары.

Бұған қоса, оның айтуынша, кешкі мезгілде қала көшелерінің жарықтандыруына қатысты мәселе бар. Ол азаматтардың қауіпсіздігіне және жол сапасы, бағдаршамның болуы және бейнебақылауға әсер етеді.

«Күн тәртібінде көшелерді жарықтандыру мәселесі болды, бағдаршамнан бастап бейнебақылау камераларына дейін талқыланды. Жоспар бойынша келесі жылы елордада бейнебақылау камералары көбейтіледі. Осы ретте бізге қоғамның пікірі маңызды, яғни тек сын-ескертпелер ғана емес, нақты ұсыныстар да қаралады», - деп түйіндеді сөзін Бақтияр Мәкен.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109