4631

Елорданың медициналық қоғамдастығы МӘМС бойынша семинар өткізді

Нұр-Сұлтан қаласының Наркология және психотерапия орталығында  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша медициналық қызметкерлерге арналған оқыту семинары өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін енгізуге дайындық бойынша толық ауқымды жұмыстар істеліп жатыр.

Қазіргі уақытта ҚР Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС коммункациялар жөніндегі Жобалық кеңсемен және «Success К» стратегиялық коммуникация агенттігімен бірлесіп, халық арасында МӘМС сүйемелдеу-кешенді медиалық және PR-ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізуде.

Бекітілген коммуникациялық жоспарға сәйкес Наркология және психотерапия орталығында қызметкерлерге арналған оқыту семинары өтті.  Ақ халаттылар кәсіби бапкерлерден сабақ алып,  өзінің негізгі жұмыс орны бойынша басқа медициналық қызметкерлерді каскадтық әдіспен оқытатын болады.

Семинарға «Әлеуметтік медицналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы, «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК Астана қалалық филиалы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, тыңдаушы ретінде 175 медициналық қызметкер қатысты. 

Ұйымдастырушылар МӘМС негізгі бағыттарын, жеңілдік санаты, ТМККК және МӘМС пакеттерінің мазмұны туралы және басқа да мәселелер жайлы айтты. Сондай-ақ халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізген кезде туындайтын проблемалық мәселелер талқыланды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109