5008

Елорданың спорт нысандары астаналықтар үшін қаншалықты қолжетімді?

Бүгінгі күні Нұр-Сұлтанның 11 балалар мен жасөспірімдеріне арналған спорт мектептерінде 49 спорт түрінен секция бар, оның  қызметін 9300 адам тегін  пайдаланады, деп хабарлайды елорда әкімдегінің ресми сайты.

Елорданың бірқатар спорт нысандарында халықтың спортпен жайлы және кедергісіз жаттығуы үшін жағдай жасалған.

Мәселен, «Алау» мұз айдынында жаттығу залы пен мұз аренасында жаппай сырғанау қызметі ұсынылады. Соңғысына студенттер, оқушылар, зейнеткерлер,  бірінші санаттағы мүгедектер үшін 50% жеңілдік бар. 7 жасқа дейінгі балаларға және көпбалалы отбасылардың балалары, балалар үйінің тәрбиеленушілері, ІІ, ІІІ санаттағы мүгедектер тегін қатыса алады.

«Дәулет» спорт кешенінде 5-тен 14 жасқа дейінгі  620 бала айналысады, оның 255-і тегін, ал 365-і ақылы түрде қатысады. 12 жаттығудың ақысы  13 500 теңгені құрайды.

 Бұған қоса, көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына 50 пайыз жеңілдік бар.

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмі шеңберінде Паралимпиадалық жаттығу орталығында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға барлық қызметтер тегін көрсетіледі. Жаттығу пара йога, үстел теннисі, пара каратэ, пара таэквандо, арбамен билеу, пара бадминтон, пара пауэрлифтинг, пара аэробика, отырып волейбол ойнаудан өтеді. 

Сондай-ақ «Тарлан» спорт кешенінде жұмыс күндері сағат 13.00 мен 15.00 аралығында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тегін сырғанау ұйымдастырылады, коньки тегін беріледі. Қайтарымсыз негізде слеш-хоккей мен сурдо-хоккейден жаттығу жүргізіледі.

Кешкісін жаттығысы келген азаматтар Қ.Мұнайтпасов атындағы стадионның жүгіруге арналған жолын тегін пайдалана алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109