1181

«Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қайырымдылық акциясы өтті

Қарттар күніне орай елордадағы «Шарапат»  әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қайырымдылық акциясы өтті. «Еңбек» бағдарламасының қысқа курстарына қатысушылар орталықта тұрып жатқан зейнеткерлер мен мүгедектерге парикмахер, маникюр қызметтерін көрсетті, - деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне қарасты Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қысқа курстарына қатысушыларымен бірлесіп аталған орталықта тегін маникюр, шаш алу, бетті әрлеу қызметтерін тегін көрсетті. Шараның мақсаты – қарттарға әлеуметтік қолдау көрсетіп, олардың күтіміне қолғабыс ету.

Орталықта тұрып жатқан зейнеткерлер мұндай жаста өздеріне күтім жасау оңай емес екенін айтты. Алғашқыда аздап қысылса, кейіннен бір қызметте алғаннан кейін шеберлердің басқа да қызметтерін алуға қызығушылық білдірді.

«Шарапат»  әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жүмысын 1989 жылы бастады. Бүгінгі күні онда зейнет жасындағы, І және ІІ топ мүгедектері, үйсіз, сондай-ақ күтімді қажет ететін азаматтар тұрып, арнайы әлеуметтік қызмет алады.

Мекеменің жұмысы орталықта тұратын және түрлі әлеуметтік арнайы қызметті алатын азаматтардың барлық қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыруға бағытталған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109