779

Елордада медицина кадрларының тапшылығын шешу үшін қандай шаралар қабылданып жатыр?

2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша елордада дәрігерлік кадрлардың тапшылығы 494 адамды құрады. Бұл мәселені шешу үшін қаланың әкімшілігі мен медициналық ұйымдары дәрігерлердің деңгейі мен статусын арттыру бойынша кешенді шаралар жүргізіп жатыр, деп қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

Елорданың медициналық ұйымдарында дәрігерлік кадрлардың тапшылығы мына мамандықтар бойынша бар: ВОП, педиатр, терапев, акушер-гинеколог, анестезиолог-реаниматолог, кардиолог, психиатр, онколог, неонатолог және т. б.
Проблеманы шешу үшін басқарма мен медициналық ұйымдар кешенді шаралар қабылдайды.
2018 жылдың соңында қала әкімдігі «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ипотекалық қарыз алу үшін қажетті бастапқы жарнаның бір бөлігін төлеуге көзделген 1 миллион теңге мөлшерінде елорданың денсаулық сақтау, білім беру және полиция қызметкерлерін әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаны іске қосты.
2018 жылы осы бағдарлама бойынша қалалық медициналық ұйымдардың 10 дәрігері тұрғын үй сертификаттарын алды.
Сондай-ақ, 2018 жылы медицина қызметкерлеріне қала әкімдігі 18 пәтер бөлді.
Медицина қызметкерлірінің имиджін көтеру үшін 2018 жылдан бастап қалалық әкімшілікпен елордалық Денсаулық сақтау саласының үздік медицина қызметкерлерін «ALTYN SHIPAGER» сыйлығымен марапаттау жүргізіліп келеді. Жыл сайын 12 номинацияда 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар беріледі. Басқарма мұндай мотивацияны одан әрі дамытуды жоспардан тыс қалдырмайды.
Сонымен қатар, медицина ұйымдарының басшылары жыл сайын еліміздің медициналық ЖОО-да «бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне» қатысады.
2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 2019 жылға арналған денсаулық сақтау мамандарының біліктілігін арттырудың әзірленген жоспары шеңберінде кадрлық әлеуетті дамыту мақсатында жыл басынан бастап Назарбаев университетімен, Алматы менеджмент университетімен, Астана медициналық университетімен және басқа да жетекші медициналық және шетелдік жоғары оқу орындарымен стратегиялық серіктестік жүргізуде.
2019 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен елдің ғылыми орталықтарында және шетелде 2470 адам (оның ішінде шетелде 38 адам) біліктілікті арттыру курстарынан өтті, оның ішінде: 770 – дәрігер, 1600 – орта медицина қызметкері, 100 – әкімшілік қызметкер.
Осы жылы қаланың медицина қызметкерлері Швейцарияның, Германияның, Оңтүстік Кореяның, Израильдің онкология, акушерлік және гинекология, анестезиология және реаниматология, травматология, нейрохирургия, оториноларингология, хирургия, комбустиология, трансфузиология бойынша жетекші клиникаларында өз біліктілігін арттырды.
Кардиохирург, уролог, акушер-гинеколог, онколог дәрігерлеріне арналған халықаралық сарапшылардың қатысуымен 6 мастер-класс өткізілді.
Биыл Нұр-Сұлтан қаласының медициналық қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға жергілікті бюджеттен 256 млн теңге бөлінді.
2018 жылы елімізде алғаш рет 50 медбике Назарбаев университетінің Медицина мектебінде мейірбике ісі менеджменті бағдарламасы бойынша оқудан өтті. Бұл орта медициналық персонал деңгейінде медициналық көмекті дамытуға қосымша серпін берді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109