2856

Нұр-Сұлтанда Музейлер парады акциясы өтіп жатыр

Нұр-Сұлтанда «Музейлер парады» акциясы шеңберінде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде «Халық дәстүрі – асыл қазына» атты шара өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараның мақсаты: қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстыру, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, оқушылардың бойына  отансүйгіштік, адамгершілік  қасиеттерін қалыптастыру, тәрбиелік мәні бар салт-дәстүрлерді бойына сіңіру.

Оған Ақмол ауылы мәдениет үйінің «Әжелер» хор ансамблі, «Малиновка» іздеу тобы (Ақмол ауылының № 5 орта мектебінің 4-5 сынып оқушылары), «АЛЖИР» мұражайының ұжымы және ауыл тұрғындары қатысады.

Келушілерге ұлттық дастархан жайылып, салт-дәстүрлерден көрініс қойылып, ұлттық ойындар ойнатылады. Сондай-ақ қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша қазақ,  орыс тілдерінде экскурсия өткізіліп,  «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109