3100

Қалалық аурухананың бас дәрігері елорда әкімі А. Көлгіновке ауруханада қандай жұмыстар атқару қажеттігі туралы айтты

Таңертеңгі аралау барысында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов №2 қалалық ауруханаға барды. Елорда әкімі Алтай Көлгінов пен №2 қалалық аурухананың бас дәрігері Иван Ли клиниканың екі ғимараты арасындағы өткел жол құрылысын, 3Н жүйесі мен аурухананың материалдық-техникалық базасын талқылады. Клиниканың бас дәрігері Иван Ли 3H жүйесінің жұмысы туралы айтты. 3H емделушілерді үш бөлікке бөледі: шұғыл көмек, орташа, жасыл бөлікте пациенттерді тіркеудің электрондық жүйесі ұйымдастырылған.

"Қызыл бөлікте-қарқынды терапияның реанимациялық палаталары ұйымдастырылған: пациентті жасанды тыныс алу аппаратына бірден көшіруге,  және т. б. жасауға болады. Автобус ірі жол-көлік оқиғасы түскен кезде барлық 29 зардап шеккендер біздің қызыл бөлікке келіп түсті. Сары бөлікте қарау кабинеттері ұйымдастырылған. Пациент сол жерде  анализ тапсырып, мамандардың кеңесін ала алады", - деді И. Ли.

Жасыл бөлікте науқастарды тіркеудің электрондық жүйесі ұйымдастырылған. Оператор алғашқы диагностиканы жүргізіп, қарау үшін мамандарды шақырады.

Кездесу барысында клиниканың екі ғимараты арасында өткел жолды салу, компьютерлік томографияны сатып алу мен машиналарға арналған тұрақ орындарының санын арттыру қажеттігі айтылды.

Өткел жолда кешенді-диагностикалық бөлімшесі бар қабылдау бөлмесі болады. Бұл дәрігерлердің жұмысын жеңілдетеді және пациенттер үшін қолайлы жағдай жасайды. Қала әкімі Алтай Көлгінов жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді тапсырды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109