3195

Астанада өткен STEM олимпиадасының жүлдегерлері анықталды

Нұр-Сұлтанда тұңғыш республикалық STEM олимпиадасының қорытындысы шығарылды. Барлығы 4 номинация бойынша 36 жеңімпаз команда анықталды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Олимпиаданы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен «Астана  Innovations» АҚ ұйымдастырды. Конкурсқа еліміздің түкпір-түкпірінен 500-ден астам оқушыны құраған 140 команда қатысты.

«Инновациялық білім олимпиадасы жыл сайын өзіндік рөлін айқындай түседі. Ал келесі жылдан бастап халықаралық конкурсқа айналады», - дейді  «Астана Innovations» АҚ басқарма төрағасы Арыстан Қазжанов.

Бұл іс-шара ғылыми және техникалық білімнің дамуына зор әсер етеді. Барлығы 4 номинация бойынша 36 жеңімпаз команда айқындалды: 3D үлгілеу, инженерлік математика, бағдарламалау және жобалық робототехника. Елордалық №38 және №73 мектептері, сондай-ақ Дарын ММИ (Қарағанды қаласы) ең көп номинацияларға ие болды.

Жеңімпаздар 3D принтер, ноутбук, дрон, робототехника жиынтықтары, сауықтыру лагеріне жолдама секілді түрлі жүлделерге ие болды.

Айта кетейік, STEM – техникалық білім беру саласындағы соңғы жетістіктерді қамтыған инновациялық олимпиада. Олимпиада инженерия, бағдарламалау, робототехника және 3D үлгілеу секілді ғылымдардан тұрады. Қазақстанда STEM зертханалары былтырдан бастап ашыла бастады. Олардың алғашқысы елордадағы №41 мектепке орнатылды. Ал бүгінде елімізде 90-нан астам STEM зертхана жұмыс істеп тұр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109