2695

Ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған әлеуметтік қызмет көрсету орталығы әр балаға жеке емдеу жоспарын құрайды

2016 жылдан бастап жұмыс істейтін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне қарасты "әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны психоневрологиялық патологиясы бар, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға және жалғыз басты қарт адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Арнайы әлеуметтік қызметті үйде де, жартылай стационар жағдайында да алуға болады.

Қазіргі таңда орталықта 3 бөлімше бар: церебралды сал ауруы диагнозы бар балалар бөлімшесі, даун диагнозы мен аутизм диагнозы бөлімшелері.

Орталық үшбұрыш-пирамида жүйесі бойынша жұмыс істейді: маман - әлеуметтік қызметкер-ана. Бала оңалтуға келгенде, орталықтың мамандары балаға жеке диагностика жүргізіп, медициналық мультикомандалық баға береді. Сонан соң баланы емдеудің жеке жоспарын жасайды. Орталықта психологтар, дефектологтар, логопедтер, реабилитологтар, ортопедтар, невропатологтар, сондай-ақ еңбек терапиясы мен музыкотерапия мамандары жұмыс істейді.

"Бүгінгі таңда бізде 1040 қызмет алушы бар. Олардың 560 – ы мүмкіндігі шектеулі балалар, 480-ы жалғыз басты қарт адамдар. Оңалту ұзақтығы 3 айды құрайды және жылына 4 рет өтеді. Біздің негізгі қызметіміз арнайы әлеуметтік көмекті үйде көрсету. Біздің әлеуметтік қызметкер қызмет алушыға аптасына 2 рет барады. Орталықтың балалармен белсенді жұмыстануы нәтижесінде 30 - ға жуық бала алғашқы қадамдарын жасап, алғашқы сөздерін айтты", - деді директордың міндетін атқарушы Аманбай Ердәулет.

Орталық күн сайын балаларды оңалту бойынша іс-шаралар өткізеді.

"Бұл орталыққа 4 жыл бойы келудеміз. Менің немерем бұл жерде басқа балалармен араласады, ойнайды. Осы 4 жыл ішінде көп нәрсені үйреніп үлгерді. Орталыққа келуге әрдайым асық, үлкен қуанышпен келеді. Орталық қызметкерлеріне үлкен алғысымды білдіремін", - деп бөлісті Михаил есімді баланың әжесі Светлана Романенко.

 

Орталық мамандары 8 арнайы әлеуметтік қызмет көрсетеді:

- әлеуметтік-тұрмыстық;

- әлеуметтік-медициналық;

- әлеуметтік-педагогикалық;

- әлеуметтік-психологиялық;

- әлеуметтік-еңбек;

- әлеуметтік-мәдени;

- әлеуметтік-құқықтық;

- әлеуметтік-экономикалық қызметтері.

 

Мекен-жайы: Нұр-сұлтан, Сәтпаев көшесі 31

Тел: + 7 (7172) 57-21-49

E-mail: soc-center.kz@mail.ru

Сайт адресі: www.soc-center.kz

Instagram: soccenter_astana

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109