3073

Жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды (видео)

Бүгін Smart Astana порталында елорданың жұмыс істеп жүрген жастарына жалға берілетін тұрғын үйге қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Өтінімдерді қабылдау 10 қарашаға дейін жалғасады. Жұмыс істейтін жастар үшін жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасына сатып алу құқығынсыз 29 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады. Өтінім беру және оны қарау кезінде қатысушылар 29 жастан кіші болуы тиіс. Сондай-ақ, ІІМ жас қызметкерлері мен тұрғын үй төлемдерін алмайтын әскери қызметшілер де қатыса алады. Сонымен қатар астаналық Тұрғын үй қорының хабарлауынша соңғы жарты жылда еңбек демалысына немесе сырқатына байланысты демалысқа шығып, соның әсерінен алты айдың біріндегі табысы азайып қалған жастар да құжаттарын тапсыра алады.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында 1050 пәтер беріледі. Олар 5 жылға жалға берілетін болады. Осы уақыт ішінде өз баспанасын алу үшін депозит шотына ай сайын ақша аударып отыру кеңес етіледі. Жалға беру шаршы метрге байланысты айына 5-тен 15 мың теңгеге дейін болады.

Айта кету керек, жоғарыда айтылған бағдарлама бойынша жастарға арналған жалдамалы пәтер келесі жылы да беріледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109