2497

Портал соцуслуг запустят в Казахстане 1 января 2020 года

Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарында әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылады

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақстандық әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылады. Бұл шаралар ерекше қажеттіліктері бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен арнайы әлеуметтік қызметтерге өз бетінше тапсырыс беруіне жағдай жасайды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Портал енгізу «бір терезе» қағидаты арқылы оңалту құралдары мен қызметтеріне тең қолжетімділікті, сондай-ақ жеке қажеттіліктерді, жеткізушілер, әлеуметтік қызметкерлер мен мамандар туралы мәліметтерді есепке алуды қамтамасыз етеді.

Бұл адал бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік береді және әлеуетті өнім берушілердің оңалту құралдары мен қызметтерін іске асырудың ашықтығын қамтамасыз етеді.

Портал 6 қызметтің (инватакси қызметтерінен басқа) 5 процесін цифрлауды көздейді. Олардың ішінде: арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету; техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету; ымдау тілі маманының, жеке көмекшінің, санаторлық-курорттық емделудің қызметтерін көрсету.

Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап 5 бизнес-үдерістің 2-еуін порталға ауыстыру жоспарлануда, оның ішінде арнайы әлеуметтік қызметтер және 55 техникалық оңалту құралдарының 24-ін қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, 2020 жылдың көктемінен бастап порталда қалған 3 бизнес-процесс (санаторлық-курорттық емдеу, жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының қызметтері) бойынша қызметтерді алуға болады.

Үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы оңалту тауарлары мен қызметтері баламалы негізде портал және Мемлекеттік сатып алу арқылы көрсетілетін болады. Электронды форматқа толық көшу 2021 жылдан бастап жүргізіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109