4011

Елордалық құтқарушылар көктайғақ кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске салды

«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша, 6 қараша күні Нұр-Сұлтанда көктайғақ күтіледі. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын жолда абай болуға және осындай ауа райында қарапайым тәртіп ережелерін сақтауға шақырады, деп қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде қала тұрғындары мен қонақтарына көктайғақта құламау үшін арнайы ережелер сақтауды ұсынады.

Биік өкшелі аяқ киімнің орнына табаны тайғанамайтын аяқ киімді таңдап алу керек. Сондай-ақ жолдың өту бөлігінде өте сақ болу керек, асықпай, жүгірмей өту қажет. Сонымен қатар, еңіс беті бар орындарды айналып өткен абзал.

Қолдарыңызды қалтаңызға салмай, бос болуы керек. Себебі құлау ықтималдығын арттырады. Ауыр сөмкелерді арқаламаған жөн. Ал қарт кісілерге - қарт адамдарға резеңке ұшы бар немесе арнайы ұшты таяқ қолдануға кеңес беріледі.

Алдыңызға қарап, аяғыңызды абайлап басқаныңыз жөн. Тайғанақ орындарды айналып өту қажет әрі мына нәрсені есте ұстаған жөн: арқамен, бетпен құлаған өте қауіпті. Бұл мидың шайқалуына әкеліп соғады. Жарақаттанған соң уақыт создырмай дәрігерге қаралу қажет.

Жүргізушілерге көлікті күрт тежеуден аулақ болу керек. Егер де жолға шығуға тура келсе, тұман аймағында жылдамдықты айтарлықтай төмендету қажет, ал егер жолдағы көріну екі метрден аспайтын болса, қозғалысты тоқтату ұсынылады. Сондай-ақ міндетті түрде габариттік жарықты қосу және түрлі маневрлер, атап айтқанда басып озулардан аулақ болу керек.

Жаяу жүргіншілерге жолды белгіленген жаяу жүргіншілер өтетін жерлерде ғана өту ұсынылады. Сақ болу, ауа райының өзгеруі және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалау қажет.

Құрылыс объектілеріне қолайсыз ауа райы жағдайы әсерінен аумақтарды және тұрғындарды қорғау, құрылыс алаңдарында мүмкіндігінше құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуді шектеу  бойынша қосымша шараларды қабылдау қажет.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалыңыз!

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109