2419

Елімізде алғаш рет балалар арасында Паралимпиада ойындары өтті

Нұр-Сұлтан қаласында «Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған Паралимпиадалық жаттығу орталығы» мен «Тарлан» мұз айдынының қызметін ұйымдастыру»  мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде алғаш рет балалар арасында Паралимпиада ойындары өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Ерекше мүмкіндігі бар 220 бала спорттың 5 түрінен жарысты. Спортшылар елордаға Қазақстан мен Ресейдің түрлі өңірлерінен келді.

Балалар паралимпиядалық ойындары «ерекше» балалар арасында бейімделген спорттың мынадай түрлерінен өтті: бочча, пара үстел теннисі, пара таэквондо, пара каратэ және пара чирлидинг. Бұл ретте чирлидинг алғаш рет инклюзивті жарыстар бағдарламасына енгізілгенін айта кеткен жөн.

Іс-шараны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Тең мүмкіндіктер әлемі» мүгедек балалардың ата-аналар қоғамы» ҚБ ұйымдастырды.

Балалар паралимпиядалық ойындарына бейімделген спорт бойынша ментальды бұзылыстары, БЦП, Даун синдромы бар балалар, сондай-ақ онкологияны жеңген жас спортшылар қатысты.

Анара Алмасова – үш «ерекше» баланың анасы. Үлкен ұлы Арыстанбек 17 жаста, ал Нариман – 13 жаста. Екеуінде де ментальды бұзылулар бар. Жыл сайын олар бочча және таэквондомен шұғылданады, тіпті түрлі жарыстарға қатысады.

«Спорттың арқасында менің балаларым физикалық жағынан ғана емес, сонымен қатар зияткерлік жағынан да дамып келеді. Ұлым Нариман өте ұзақ уақыт сөйлей алмады, бірақ ол бейімделген дене шынықтырумен айналыса бастағаннан кейін кітапқа қызығушылық танытып, буындарды оқи алатын болды. Қазір ұлым бұрынғыдан шыдамдырақ», - дейді Анара Алмасова.

Бейімделген спорт бүгінгі таңда ерекше қажеттіліктері бар балалардың қимыл-қозғалыс бұзылыстарын түзетудің, физикалық дамуын ынталандыру үшін қажет. Қазір елімізде инклюзивті спорт секциялары ашылып, «ерекше» балаларға дене шынықтыруды оқыту әдістемесі әзірленіп жатыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109