3238

Ел астанасында үйдегі «Әлеуметтік жұмыс орны» бағдарламасы ары қарай жалғасады

Елордалық халықты жұмыспен қамту орталығы 2019 жылдың 5 желтоқсанына дейін 2020 жылға арналған үйдегі «Әлеуметтік жұмыс орны» бағдарламасын ұйымдастыру үшін қосымша өтінімдерді қабылдауды жүзеге асырады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.⠀⠀

Үйдегі әлеуметтік жұмыс орындарын жұмыс берушілер олардың меншік нысанына қарамастан ұйымдастырады. Оған тек жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам жұмыс істеп тұрған, салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды тұрақты жүргізетін жұмыс берушілер қатыса алады.⠀⠀

Бұл жобаға әдеттегідей жұмыссыздар, оның ішінде әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасы мүшелері, әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған тұлғалар қатыса алады. Азаматтардың еңбекақысының бір бөлігін қаржыландыруды жұмыспен қамту орталығы субсидиялар беру жолымен жүзеге асырады.⠀

Айта кетерлігі, әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған азаматтардың жалақысына берілетін ай сайынғы субсидия мөлшері салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескере отырып, сондай-ақ экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда жалақы мөлшерінің 35%-ын құрауы қажет. Бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақы мөлшерінен аспауы керек.

Толық ақпарат және қажетті құжаттар тізімі бар өтінім бланкісі орталықтың www.cz.astana.kz ресми сайтында мына бөлімдердерде орналастырылған: Мемлекеттік қызметтер — жұмыс берушілер үшін — Қоғамдық жұмыстар.

Өтінімдерді қабылдау мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 25, («Өркен» БО) 2 қабат, 202/2 кабинет. Анықтама телефоны: 57 89 12.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109