2680

Елордада төтенше жағдайларға дайындық пысықталды

Нұр-Сұлтан қаласында қысқы кезеңге дайындық барысында 5-6 қараша күндері төтенше жағдайлардан қорғауды ұйымдастыру бойынша «Қыс – 2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтіп жатыр, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Дайындық Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ермек Қизатовтың басшылығымен өтіп жатыр. Ал бүгінгі «Қыс – 2019» барлығы 5 оқу орнында өткізіліп, мынадай жағдайларды қарастырды:

1-оқу кезең: авариялық-құтқару құрамаларының сап түзеуі;

2-оқу кезеңі: жылу құбырларындағы аварияны, сондай-ақ электрэнергетикалық желілердегі электр беру желілерінің үзілуін жою. Қатты аяз салдарынан жылу желілерінің апатты өшірілуі орын алды. Туындаған жағдайды жою үшін оқиға орнына «Астана-теплотранзит» авариялық бригадалары жіберілді.

3-оқу кезеңі: зардап шеккендерге арналған жылыту және тамақтану орындары. Қабылдау пункті құтқарушыларға демалуға, жылынуға және тамақтануға, сондай-ақ «Апаттар медицинасы орталығы» дәрігерлерінің зардап шеккендерге шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. 

4-оқу кезеңі: биік ғимараттан өрт сөндіру және құтқару жұмыстарын жүргізу. Оқу-жаттығудың сценарийі бойынша тұрғын үй кешенінің 7-қабатында электр сымдары мен кабельдердің тұйықталуы орын алды. Шұғыл түрде шақырту орнына өрт сөндіру бөлімшелері, құтқару бөлімшелері келіп жетеді, олар альпинистік құрал-жабдықтардың көмегімен, автосатыны көтеру, сондай-ақ «Өмір текшесіне» секіру құрылғысын қолдану арқылы  адамдарды эвакуациялау және құтқару жұмыстарын жүргізді. Апаттар медицинасы орталығы, 103 қызметі зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетті.

5-кезең: Нұр-Сұлтан-Қарағанды автожолында қар басқан автобустан жолаушыларды эвакуациялау және балықшыларды іздеу. Оқу-жаттығудың сценарийі бойынша 112 құтқару қызметіне Нұр-Сұлтан-Қарағанды рейстік автобусының жолаушыларынан жауын-шашын мен 25 м/сек екпінді желдің салдарынан жолаушылары бар автобус қар құрсауына түскендігі туралы  қоңырау келіп түсті. Төтенше жағдайлар туындаған жерге шұғыл көмек көрсету үшін Департаменттің күштері мен құралдары, құтқару жасағы, 5573 әскери бөлімінің 25 әскери қызметшісі, Трэкол жоғары өтімді автокөліктерімен медициналық бригадасы жіберілді.

«Бүгін біз елорданың жедел әрекет ету қызметтерінің қаншалықты дайын екеніндігіне куә болдық. Сондай-ақ оқу-жаттығуда жолаушыларды эвакуациялау, зардап шеккендерді құтқару және оларға медициналық көмек көрсету бойынша арнайы-тактикалық оқу-жаттығулар пысықталды. Бүгінгі оқу-жаттығу ойдағыдай өтті деп есептеймін. Себебі алға қойған мақсаттарымызға қол жеткіздік», – деп түсіндірді Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы полковник М.Аманбаев.

Айта кетейік, оқу-жаттығуға барлығы 31 бірлік техника мен жеке құрамнан 126 адам жұмылдырылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109