4436

Қаланы санитарлық тазалауға 564 арнайы техника жұмылдырылды

Елорданың барлық ауданын қардан тазарту, көктайғақтың алдын алу үшін құм-тұз қоспасын себу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған барлығы 564 техника мен 1800-ден астам адам жұмылдырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін, яғни 6 қараша күні қаланы санитарлық тазалауға 564 бірлік арнайы техника жұмылдырылып, оның ішінде 163-і күшейтілген режімге көшуге әзір отыр.

Қала аудандарындағы көрсеткіш мынадай:

«Алматы» ауданы – 129 бірлік техника мен 430 жол жұмысшысы. Оның ішінде «күту режіміне» көшуге 14 техника дайын отыр.

«Байқоңыр» ауданы – 90 бірлік пен 360 жол жұмысшысы. Оның ішінде «күту режімінде» арнайы 30 машина дайын отыр.

«Есіл» ауданы – 187 бірлік техника мен 543 жол жұмысшысы. Оның ішінде «күту режімінде» арнайы  78 бірлік машина бар.

«Сарыарқа» ауданы – 158 бірлік пен 491 жол жұмысшысы. Оның ішінде «күту режимінде» арнайы 41 бірлік техника бар.

Айта кету керек, тұрғын үй-коммуналдық мәселелер бойынша, соның ішінде қар тазалау бойынша тәулік бойы iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығына 109 нөміріне қоңырау шалып хабарласуға болады. Сондай-ақ, өтінішті немесе шағымды әкімдіктің ресми сайтына да, www.astana.gov.kz, Telegram чат https://t.me/nursultanikomek109_bot iKOMEK109 мобильдік қосымшасында, сондай-ақ +7-747-109-0-109 нөмірі бойынша Whatsapp ikomek109 чат-ботында қалдыруға болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109