2963

Елордадағы проблемалы объектілердің құрылысы алдағы 3 жылда аяқталады

Елордадағы үлестік құрылыс гысандарының құрылысы бойынша қабылданып отырған шаралар туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов хабарлады.

Бүгінгі таңда мемлекеттік органдардың және тұрғын үй-құрылыс кооперативтері төрағаларының жұмыс нәтижелері бойынша объектілер саны 51-ден 48-ге дейін азайды, бұл 71 тұрғын үй 13 054 үлескердің еншісінде. Ал 19 объекті бойынша іс-қимылдар жоспарлары айқындалды. Мұнда құрылысты салып бітіру үлескерлермен инвесторларды тарту жолымен дербес жүзеге асырылуда. 29 ерекше проблемалы объекті «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында аяқталатын болады,- деді әкім орынбасары.

Баспасөз шараға қатысқан ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетовтың мемлекеттік бағдарлама шеңберінде Ұлттық қордан 40 млрд. теңге көзделіп отырғанын атап өтті. Әкімдіктің уәкілетті ұйымы «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС 6 млрд. теңгені игерді және ағымдағы жылы тағы 14 млрд. теңгені игеруді жоспарлап отыр. Қалған 20 млрд. теңге 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында игерілетін болады. Таяудағы 3-4 жылда қазіргі проблемалы объектілердің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР Заңының талаптарын сақтауға және жергілікті атқарушы органның тарапынан бақылауды жүзеге асыруға қатысты сатып алушыларға оларға материалдық зиян келтірілуін болдырмау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтында құрылыс салушыларға ақша тартуға берілген рұқсаттар туралы мәліметтерді алу ұсынылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109