2894

Елорданың барлық мектебінде «Адалдық сағаты» өтті

Қазақстанның барлық өңірінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Адалдық сағаты» республикалық акциясы ұйымдастырылды. Іс-шара 86 елордалық мектепте өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Республикалық акция елордалық мектептерде Жастар жылы аясында өтті. Іс-шараның мақсаты – өскелең жас ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.

Сыбайлас жемқорлықтың елімізге қаншалық зиянын тигізіп отырғанын оқушыларға «Nur Otan» партиясының өкілдері, арнайы мониторингтік топтардың, республикалық жастар және коммерциялық емес ұйымдардың мүшелері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшылығы мен қызметкерлері, «Адал алаңы» жобалық кеңселерінің мамандары мен көрнекті қоғам қайраткерлері кеңінен баяндап берді.

Оқушылар алдында сөз сөйлеген олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейтудің түпкі негізі парасаттылық идеологиясында жатқанын ерекше атап өтті. Бұл әділдік, заңдылық, адалдық, сенімділік сияқты құндылықтарды біріктіретін кешенді ұғым.

Бұл дегеніміз, сөзсіз моральдық және этикалық қағидаттар мен құндылықтарға адал болу дегенді білдіреді.

Айта кетейік, Агенттіктің орталық аппаратының қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласының 86 мектебіне барып шықты.

Осы акция аясында республика бойынша 6-8 сыныптардың 2 млн. оқушысына сыбайлас жемқорлық туралы дәріс өткізілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109