4167

Елордада «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы 10 желтоқсанға дейін жалғасады

Нұр-Сұлтан қаласында «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Шара 15 қыркүйектен басталып, 10 желтоқсанға дейін жалғасады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Госман Жакиннің айтуынша іс-шара қолға алынғалы бері учаскелік инспекторлар 130 мыңнан астам пәтер мен 24000-ға жуық жеке үйді  аралап шықты. Жедел алдын-алу іс-шарасын жүргізу барысында ІІО тіркеуде тұрған 7500-ден астам азамат тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Сондай-ақ, 12000-ға жуық азаматтық қару иелеріне тексеріс жүргізілді.

Іс-шараны жүргізу барысында жалға берілетін 2500-ге жуық пәтер тіркеліп, олар туралы ақпарат Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментіне жіберілді.

Жалпы «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы басталғалы 21 мыңнан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде  ҚР ӘҚБтК ҚР ӘҚБтК 434 б. «Ұсақ бұзақылық» 1500-ден астам, сонымен қатар, 6800-ге жуығы – ҚР ӘҚБтК-нің 492 бабы «Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру» бойынша және т.б.

Қазақстан Республикасының көші-қон заңын бұзған 500-ден астам шетел азаматы анықталды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109