855

«Бірге оқимыз!»: елордада аз қамтылған отбасыларында тәрбиеленіп жатқан ерекше қажеттіліктері бар 20-дан астам бала ақысыз даму курстарынан өтті

Елорданың инклюзивті балабақшасында аз қамтылған, толық емес отбасыларында тәрбиеленіп жатқан, ерекше қажеттіліктері бар 23 бала тегін түзету курстарынан өтті.

Олардың ішінде 10 бала мектепке дейінгі мекемелерге барады.

Осы жылдың көктемінде "Co-Make" қоғамдық қоры Нұр-Сұлтанда "Росток" инклюзивті балабақшасын ашты.

Инклюзивті балабақшада "Бірге оқимыз!" атты жоба ұйымдастырылған. Жоба аясында мектепке дейінгі жастағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға (аутизм, есту, сөйлеу, қозғалыс қабілеттері бұзылған балалар) түзету-дамыту сабақтары жүргізіледі. Сондай-ақ, жоба шеңберінде баланы әлеуметтік ортаға бейімделеді. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған балабақша қала әкімдігінің қолдауымен мүмкін болды.

"Astana" ӘКК операторы болып табылатын коммуналдық мүлікті тиімді пайдалану бағдарламасы аясында инклюзивтік балабақшаға Есіл ауданынан 500 ш.м. үй-жай берілді.

Қазір бұл жерде мектепке дейінгі оқытудан 40-қа жуық бала өтуде.

Балабақшада әлеуметтік-тұрмыстық бағдар кабинеті, емдік дене шынықтыру залы, логопедтердің, дефектологтардың жеке жұмыс кабинеттері, биологиялық кері байланыс кабинеті жұмыс істейді.

2020 жылы ерекше қажеттіліктері бар балалардың аналарын оқыту, сауықтыру курстарын іске қосу жоспарлануда.

 

"Co-make" қоғамдық қорының инклюзивті балабақшасының мекен-жайы: Нұр-сұлтан қаласы, Тұмар ханым көшесі, 39 үй.

Басшысы: Калюжная Ирина Александровна.

Байланыс деректері (телефон, e-mail) +77753997564, comake@list.ru.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109