3108

Нұр-Сұлтанда Рақымжан Қошқарбаевтың 95 жылдығына арналған кеш өтті

Елордада әйгілі батыр Рақымжан Қошқарбаевтың 95 жылдығына арналған "Намыс пен Рух" атты рухани-патриоттық iс-шара өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Еске алу кеші Рейхстагта Жеңіс туын желбіреткен Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды.

Шараға қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қатысты.

"Қошқарбаевтың фашистерге қарсы соғыстағы ерліктері қазіргі ұрпақ үшін үлгі болуы тиіс. Бүгінгі іс-шараның мақсаты - Ұлы Отан соғысының батыры Рақымжан Қошқарбаевтың Ұлы Отан соғысы Жеңісінің туын желбіреткен батырларын еске алу. Бұл бағыттағы біздің жұмысымыз міндетті түрде жалғасады", - деп атап өтті Бақтияр Мәкен.

Кеш оқушылар сарайының қабырғасында жалғасты. Елордалық театр әртістері соғыс жылдарында ерлiк пен қаһармандық көрсеткен батырлар туралы қойылым көрсетті. Қазақ эстрадасының көрнекті өкілдерінің орындауында патриоттық әндер шырқалды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109