4121

Елорданың тағы бір проблемалық нысанына жан бітті

Таңертеңгі аралау барысында елорда әкімі Алтай Көлгінов үлестік құрылыс нысандарына барды. "Жағалау-4" (полигон 3) тұрғын үй кешенінің құрылысы 2013 жылы басталуы керек еді, алайда құрылыс жұмыстары тек осы жылы ғана басталды.

Тұрғын үй кешені "Елорда құрылыс компаниясының" қатысуымен  "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында салынады. Үлескерлердің саны - 262 адам. Қазір құрылыс салушының қолында барлық қажетті құжаттар бар. Үйді 2021 жылы пайдалануға беру жоспарлануда.

Елорда әкімі барған екінші нысан "Жағалау-3" (30 блок) тұрғын үй кешені болды. Мұнда үйді инженерлік желілерге қосу жұмыстары жүргізілуде. Электр, жылу және сумен жабдықтау, жөндеу жұмыстары аяқталу сатысында. Қала әкімі А. Көлгіновпен кездесу барысында тұрғындар жұмыстар толық жүріп, үйдің көз алдында өзгеріп жатқанын атап өтті. Бұл тұрғын үй кешенінде 300-ден астам үлескерлер бар.

Қалада барлығы 51 аяқталмаған нысан (76 үй) болды. Биылғы жылы қала әкімдігі 3 тұрғын үй кешенін (5 үй) пайдалануға беру бойынша жұмыстар жүргізді. Ағымдағы жылдың соңына дейін тағы 7 үй құрылысын аяқтау жоспарлануда.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109