2877

«Митингке шыққаныма өкінемін» - қала тұрғынының пікірі

Елорда әкімі Алтай Көлгінов кезекті рет қабылдауға жазылған азаматтармен кездесті. Тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, жұмысқа орналасу, медициналық көмек алу және т. б. мәселелері көтерілді. Қабылдауға келген К. есімді тұрғын митингке шыққаны дұрыс болмағандығын айтты.

"Мен митингке шыққаныма өкінемін. Айқаймен ештеңе шешілмейді. Мен қателестім. Тұрғын үйді тек заңды түрде кезекке тұру арқылы алуға болады", - деді қала тұрғыны.

Сондай-ақ, тұрғындарды қабылдауға үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Қалдықтарды тиімді жарату, ауыз суды тазарту және т. б. экологиялық жобалар бойынша мәселелер айтылды.

Қала әкімі, әкімнің орынбасарлары, басқарма басшылары мен аудан әкімдері апта сайын азаматтарды қабылдайды. 3 айдан астам уақыт ішінде елорда әкімі 500-ден астам адамды қабылдады. Сұрақтардың бір бөлігі сол жерде өз шешімін тапса, қалғандары жұмысқа алынып, бақылауда тұр.

Сондай-ақ, А.Көлгінов iQala бірыңғай қалалық қызмет көрсету орталығының алаңында кәсіпкерлерді қабылдайды. Сонымен қатар азаматтарды қабылдау ауданның open әкімдіктерінде және "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығында өтеді. Орталықта "бір терезе" қағидаты бойынша қала тұрғындарына 70-тен астам мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Ашылған сәттен бастап 2,5 ай ішінде орталық мамандары 5,5 мыңға жуық адамды қабылдады. 11 мыңнан астам сұрақ түсті. Олар бойынша жүйелі кеңестер берілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109