812

Елорданың елді-мекендерінді хоккей корттары ашылды

Қала әкімі Алтай Көлгінов елорда аудандарының аулалық аумақтары қалай өзгергенін тексерді.

Үркер (201 көшесі, Есіл ауданы), Өндіріс (Байқоңыр ауданы) елді мекендерінде әмбебап алаңдар ашылады, қазір жұмыстар жүргізілуде: футбол алаңын жылдың суық мезгілінде хоккей кортына ауыстыруға болады. Бұл кортта балалар хоккей ойнап қана ғоймай, конькимен де сырғанай алады.
Сондай-ақ тренажерлер орнатылып, workout аймағы жабдықталады. Әрбір осындай кешен инклюзивтік элементтермен жабдықталған - ерекше қажеттіліктері бар балалар алаңдарда ойнап, спортпен шұғылдана алады.

"Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында азаматтарды бұқаралық спортпен айналысуға шақырды. Барлығы аула спортынан басталады.
Балалар бос уақытында футбол, хоккей ойнауға, конькимен сырғанауға мүмкіндік алуы үшін спортпен шұғылдануға жағдай жасалуы тиіс. Аулалардың көрінісі мен не болуы қажеттігі туралы тұрғындармен келісе отырып шешіледі. Қоғамдық кеңістікті тұрғындардың пікірін ескере отырып дамытатын боламыз! Аула аумақтарын абаттандыру жұмыстарын одан әрі жалғастырамыз", - деді А. Көлгінов.

Сондай-ақ, мұндай алаңдар Гете көшесі, 10 (Сарыарқа ауданы) және Өндіріс елді-мекенінде (Байқоңыр ауданы) орнатылды. Бұл жобалар "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірлесіп іске асырылды. "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әлішер Пірметов алаңдарды күтіп ұстау керектігін атап өтті.

Кездесуде тұрғындар балалар алаңын орнатуға бөлінген қаражат үшін "Самұрық-Қазына" қорына алғыстарын білдірді. Балаларға баскетбол, волейбол және футбол доптары берілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109