917

Елорда әкімі қар тазалау жұмыстарының барысын тексерді

Қала әкімі Алтай Көлгінов бірнеше жерді аралап, қарды уақытылы жинау мен шығару жұмыстарын жеке бақылады. Коммуналдық қызметтердің, мердігерлік ұйымдардың басшыларымен, аудан әкімдерімен, қарды уақытылы тазалау мен шығару мәселелерін талқылап, бірқатар міндеттер қойды.

"Бірінші кезекте әлеуметтік нысандар: тұрғын үй кешендері, жолдар, аялдамалар мен ойын-сауық орталықтары қардан тазартылады.
Қала қызметтері үш ауысымды жұмыс режиміне көшті, осылайша жұмысты тәулік бойы жүргіземіз",-деді А.Көлгінов.

Қазіргі уақытта қаланы қардан тазалау үшін 900-ге жуық арнайы техника мен 1 700-ден астам жол жұмысшылары жұмылдырылды. Тек бір тәулік ішінде 22 500 текше метрден астам қар, 500 текше метрден астам су шығарылды.

Желтоқсан айында қосымша техника алынады. Кеше елордада желдің екпіні секундына 15 метрге жетіп, тұман, көктайғақ пен боран болды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109