1473

Елордада мұз үстіндегі қауіпсіздік бойынша көшпелі брифинг өткізілді

Ел астанасында күн райы суытқанмен, су айдындарында қатқан мұз әлі қалыңдай қойған жоқ. Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мұздағы адамдардың қаза болуы мен жарақаттануына жол бермеу мақсатында көшпелі брифинг өткізді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жиын №1 лицей-мектебінде өткізіліп, ол жерде «Апаттар медицинасы орталығының» қызметкерлері зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсету жолдарын үйретілді. Сондай-ақ, судан құтқару станциясы базасында жедел-құтқару жасағы адам мұз астына құлап кеткен жағдайда құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша іс-қимылдарды пысықталды.

Елордалық ТЖД адамдардың суда қаза болуына жол бермеу мақсатында үгіт-профилактикалық жұмыстарын белсенді түрде жүргізеді. Осы жылғы қазан айынан бастап Департамент қызметкерлері қаламыздың оқу орындарында «Абайлаңыз, жұқа мұз» және «Үсік шалу кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету қағидалары» тақырыптарында көшпелі сабақтар өткізді. Қазіргі уақытта департамент қызметкерлері 3275 оқушыны қамти отырып, қаланың 35 мектебіне барды.

Қала мектептерінде «Тұрғындардың қыс мезгілінде, оның ішінде мұздағы қауіпсіздігі»,  «Үсік шалу кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету қағидалары», «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі қағидалары» тақырыптарында 84 мектептің қатысуымен 3300 оқушыны қамти отырып, интерактивті сабақтар өткізілді.

Департаменттің аудандық бөлімшелерінің қызметкерлері ПД ЖПҚ-мен бірлесе мұз үстінде балық аулау орындарында рейдтік шаралар жүргізеді. Бүгінгі таңда 14 рейд жүргізілді, 304 жаднама мен парақша таратылды. Балықшыларға мұз үстіндегі қауіпсіздік шаралары түсіндірілді.

Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қарапайым мұздағы қауіпсіздік шараларын еске салады.  Мұздан өту кезінде мынадай тыйым салынады:

- қатпаған мұздын үстіне шықпаңыз;

- топ құрып мұздың бір аумағында жиналмаңыз;

- мұздың жарық жерлеріне жақындамаңыз;

- көлікпен мұз үстіне шықпаңыз;

- мұздың үстіне қараңғы уақытта шықпаңыз;

- мұзға жеке құтқару құралынсыз (құтқару шеңбері, кеудешелер) шығуға тыйым салынады;

- мұзда шектеулі аймақта екіден астам ойықтарды жасауға болмайды;

- мұздың үстінде от жақпаңыз.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109