1603

Елордада демалыс күндерін қалай өткізуге болады?

Елордада демалыс күндері іс-шараларға толы болады деп күтіліп отыр. Қала тұрғындары мен қонақтарын спорттық шаралар, көрмелер мен балаларға арналған қойылымдар күтіп тұр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұл демалыс әсіресе хоккей спортын сүйіп көретіндерге арналғандай. Алдағы уик-эндте бас қалада шайбалы хоккейден бірден үш матч өтеді.

15 қараша күні сағат 19:00-де шайбалы хоккейден «Снежные барсы» – «Реактор» командалары 2019-2020 ЖХЛ чемпионаты аясында кездеседі. Матч «Барыс Аренада» өтеді. 

16 қараша күні «Қазақстан» спорт сарайында «Номад» командасы ЖХЛ чемпионаты аясында «Зауралье» ұжымымен сынға түседі.

17-18 қарашада «Снежные барсы» клубы «Спутник» командасымен кездеседі. Матч 17:00-де, «Барыс Арена» мұз айдынында өтеді.

Билет бағасы 500-4500 теңге аралығында.

Бұдан бөлек, 15 қараша күні «Бейбітшілік және келісім сарайында» «World Skills 2019» республикалық чемпионатының жабылу салтанаты өтеді. Кеш сағат 18:00 басталады. Республикалық V кәсіби шеберлік чемпионаты – «WorldSkills Kazakhstan 2019» жас кадрларды экономиканың өндірістік секторына тартуға және елдің техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға ықпал етеді.

Жастар арасындағы тағы бір спорт шарасы 16 және 17 қарашада өтеді.

«Астана Арена» стадионында және «Алау» мұз сарайында халықаралық Жастар күніне арналған жоғары оқу орындары мен орта оқу орны студенттері арасында Универсиада өтеді. Студенттер спорттың алты түрінен сайысқа түседі: волейбол, армрестлинг, үстел теннисі, гір спорты, шахмат және асық ойыны.

16-17 қараша күндері «Қуыршақ» театрында М. Арғымбаевтың «Сиқырлы орман тұрғындары» атты ертегісі өтеді. Билет құны – 1000 теңге.

16 қараша күні сағат 17:00-де «Астана Балет» театрында «Beautiful Korea. Dynamic Busan» атты корей дәстүрлі өнер концерті өтеді.

Сондай-ақ, елорда тұрғындары 17 қарашаға дейін жалғасатын «Жастар» сарайында ара балының және үнді тауарларының көрмесін тамашалай алады. Көрменің жұмыс уақыты таңғы сағат 10-нан кешкі 8-ге дейін жалғасады.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109