1399

Астана халықаралық қаржы орталығы алаңында шетелдік елшілермен ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды

Астана халықаралық қаржы орталығының халықаралық төрелік орталығы мен экспат-орталығының жұмысы, инвестиция тарту үшін жағдай жасау, ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары туралы дипломатиялық корпустың өкілдеріне баяндалды. Кездесу Астана халықаралық қаржы орталығы алаңында өтті, 70-тен астам дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты.

АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы шешімінің арқасында EXPO базасында көрме орталығының инфрақұрылымын пайдалана отырып, АХҚО, IT HUB және Astana IT University жұмыс жасап тұрғандығын айтты.

"АХҚО реттеудің ерекше режимін пайдаланады және ағылшын құқығына негізделген. Сондай-ақ бізде тәуелсіз реттеуші органдар мен арнайы тәуелсіз сот бар, әлемдік нарыққа арналған халықаралық платформа құрылды. Қазірдің өзінде 180 миллион доллардан астам", - деді Қ. Келімбетов.

Қала әкімі Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің тұрақты өсуін көрсетіп, негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсуі 3 есеге артқанын атап өтті.

"Елімізде инвестиция тарту үшін жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді. Біз барынша қолайлы жағдай жасауға тырысамыз. Мысалы,

бизнесті жүргізу шығындары төмендеп, қаланың цифрлық архитектурасы қалыптасып келеді.

Цифрлық технологияларды қолданудағы, маңызды әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге арналған сәтті кейстер де  бар. Олардың қатарына smart білім, smart медицина, open data, Smart Astana мобильдік қосымшасы, е-ПИК және т. б. жатады", - деді елорда әкімі А. Көлгінов.

Сондай - ақ, Нұр-Сұлтан қаласы - бизнес пен туризмге арналған халықаралық орталықтардың бірі.

Алайда кешенді шешімді талап ететін бірқатар мәселелер бар. Әкімдік елорданың 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын әзірледі. Кездесу барысында дипломатиялық корпустың өкілдері жемісті ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Әкімдік, "Astana Invest" қалалық инвестицияларды дамыту орталығы мен Француз Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Франция инвестициясы есебінен жеке мектеп салу жобасын жүзеге асыруға келісті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109