1409

Елордада 719 спорт нысаны бар – Берік Маржықпаев

Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Берік Маржықпаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткенде брифинг барысында қала бойынша дене шынықтыру және спортты дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлім етті. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

«Елорда бүгінгі уақытта спорттық іс-шаралар орталығына айналды. Қазір спорт бұқараға қолжетімді болды. Соңғы 5 жылда спорт ғимараттарының саны 119 нысанға артты. Барлығы 719 спорт нысаны (оның ішінде спорт сарайлары – 4, жазықтық құрылғылары – 324, бассейндер – 23, спорт залдары – 215 және т. б.). Айта кетер болсақ, жастар арасында жүгіру және велоспорт трендке айналды. Олардың арасында әсіресе «Astana Bike» танымал. Елордалықтарға ыңғайлы болу үшін қалада 1200-ден астам велосипеді бар 186 велостанция орнатылды. Жыл сайын веложолдардың ұзындығы артып келеді, тек осы жылы 34 км құрады. Бұл еліміз бойынша ең жақсы көрсеткіш», – деді Берік Маржықпаев .

Бұдан басқа, ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «100 Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің» құрылысы аясында «Ильинка», «Көктал 2», «Өндіріс», «Железнодорожный» тұрғын алаптарында 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жоспарланғанын айтып, олар 2021 жылы аяқталатынын жеткізді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109