4142

Елордада Фариза Оңғарсынованың атына көше берілді

Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын және қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Фариза Оңғарсынованың атына елорданың сол жағалауында көшеу атауы берілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Көшенің салтанатты ашылу лентасын қала әкімінің орынбасары мен Фариза Оңғарсынованың ұлы Алмас Оңғарсынов кесті.

«Бүгін міне қазақтың дана қызы, дара қызы Фариза апамыздың атына көше атауы беріліп отыр. Біз өткенді ұмытпауымыз керек. Көше атауын беру өскелең ұрпаққа өнеге болудың белгісі. Фариза апамыздың қай өлеңін оқысаңызда өткір, ол мәселені тігінен айтатын кісі. Апамыздың шығармасы ерекше есте қалатын. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметте еңбек етіп, Парламентте өз орны болды. Бұл қызметте халықтың мұңын жоқтап, көп еңбек сіңірді. Сондықтан елордада апамызға көше атауын беру жас ұрпаққа тәрбие берудің үлгісі деп білемін. Фариза апамыздың аты мәңгі өшпесін. Осы көше апамыздың есімімен даңғыл жолға айналсын», – деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен салтанатты ашылу рәсімінде.

Айтулы шараға жазуышылар, қоғам қайраткерлі мен ақынның жақын туыстары қатысты.

Ашылуға келген жазушы және қоғам қайраткері Алдан Смайыл Фариза Оңғарсынова туралы естеліктерімен бөлісті.

«Фариза кең адам еді, мінезі қаттылау болғанымен, жан-жағына жақсылық жасап жүретін шалқар жан еді. Мына көшенің де өзіндей кеңдігін көріп, қуанып отырмыз. Фариза ақиқаттың ақыны болды, шындықты айтып өтті. Шындықты айтудың өзі – ерлік. Елдің шындығын, елдің мұңын өле-өлгенше күйттеп кетті. Ал қазір Фаризаға деген халықтың шексіз махаббатын көріп жүрміз. Фариза қазақтың қызы бола отырып, ұлы да бола білген адам. Қазақ өзінің игі жақсыларына ешкімді теңгермейді. Бірақ, Фаризаны Махамбетке теңеді. Мен дәл сондай ұлыларға теңеген басқа қайраткерлерді білмеймін. Фариза өз заманында Махамбеттің орнын жоқтатпаған, соны толтыруға тырысқан ұлы тұлғалардың бірі болды», – деп Алдан Смайыл жылы лебізін білдірді.

Айта кетейік, бүгін 16.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Фариза Оңғарсынованың «Шілде» және «Полдневный Жар» кітаптарының тұсаукесері өтеді. Ал кешкі 19:00-де Жастар театры сахнасында «Фариза» спектаклі қойылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109