6529

Нұр-Сұлтанда әлемдік деңгейдегі Seedstars саммиті өтеді

Нұр-Сұлтан Еурапаның бірқатар қаласының арасынан өңірлік саммит өткізу құқығын жеңіп алды. Енді жуырда астанада әлемдік деңгейдегі Seedstars саммиті өтеді. Форумға Орталық-Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның іріктелген 19 Үздік start-up жобасы қатысады деп жоспарланып отыр. 

Қазақстан Start-up жобалар арасындағы ұлттық конкурстың жеңімпазы ретінде таныстырылды. Айтарлығы, start-up ретінде таныстырылған «Biometric» компаниясы post-терминал арқылы онлайн кредиттеу жүйесін жүргізеді. 

«Шамамен 50 start-up жобаның арасынан «Biometric» іріктелініп алынды. Енді бұл қазақстандық жоба әлемнің Чехия, Латвия, Украина, Беларусь, Әзербайжан, Грузия, Ресей секілді бірнеше елден қатысатын стартаптармен сынға түседі. «Biometric» – бұл адамның биометриялық идентификациясына арналған терминалдар. Яғни, терминал адамды аутентификациялайтын болады және осының негізінде белгілі бір көлемде несие береді. Сол сияқты несие сомасы мен азаматтың қарызының бар-жоғы өлшенетін болады. Сондай-ақ мұндай терминалдардың көмегімен кредиттерді де жабуға болады», – деді «Астана Innovations» АҚ Инновациялық экожүйені дамыту орталығының басшысы Жасұлан Кенжеғалиев. 

Белгілі болғандай, бұл жоба алдағы уақытта Оңтүстік-Шығыс Азияға шығарылмақ. Себебі ол жақта халықтың шамамен 60 пайызында банк шоты жоқ. Тиісінше, олар үшін тығырықтан шығу арнайы құрылғының және ұсынылған қаржылық қызметтердің көмегімен жүзеге асырылады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, өңірлік саммитте ірі инвестицияларға қатысатын жобалардың 50 % жуығы іріктелетін болады. Айтарлығы, бір стартап құны 500 мыңнан 1,5 млн долларға дейінгі аралықты құрайды. 

«Жеңімпаздардың арасында Швейцарияның Лозанна қаласында өтетін жаһандық саммитке қатысатын жобалардың 50 пайызы іріктеледі деп үміттенеміз. Олар Seedstars Global Winner атағы үшін сынға түспек. Қатысушы командалар өз идеясын жаһандық сахнада әлемнің 60-тан астам стартаптарымен бірге ұсына алады. Сондай-ақ инвестиция түрінде 500 мың АҚШ долларына дейін ұтып алу мүмкіндігіне ие болады», – деді Seedstars-тың Орталық, Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Агахусейн Ахмадов. 

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, өңірлік саммит 20-22 қараша аралығында өтеді. Оған компанияның 20-дан астам жоғары білікті сарапшылары мен құрылтайшылары қатысады. Атап айтқанда, Арай Бектембаева (Bolt), Алена Ткаченко (Nommi), Летиция Монте (Phillips Health Systems), Патрик Бостилс (Stage-Co) секілді мамандар бар. 

Іс-шараның өзі start-up жобаларына арналған білім беру буткемпінен тұрады. Оған ұйымдастырушылар 10-нан аса елден келген қонақтарды шақырды. 

«Бір саммиттің аясында біз 300-ден аса кездесу ұйымдастырамыз деп жоспарлап отырмыз. Сондықтан жоба иелері үшін бұл – инвесторларға кеңінен қол жеткізу мүмкіндігі. Қорытындысында инвесторлар мен қазылар алқасы start-up жобаларға баға беріп, өңірлік кезеңге, әрі қарай Seedstars-тың жаһандық жарысына кімнің өтетінін іріктейді», – деді Агахусейн Ахмедов.

Бұл форумға 500-ден астам адам қатысады деп күтілуде. 

«Қазір 2 мыңнан астам инвестор біз тапқан стартаптарға қызығушылық танытып отыр. Бүгінге дейін осы жарыстардан кейін бұл жобалар шамамен 127 млн доллар қаржы тартты. Бұл біз тапқан жобалардың өміршеңдігі 90 пайызды құрайтынын көрсетеді. Инвесторлардың белгілі бір бөлігі осы жобаларға қолдау көрсетеді деп ойлаймыз. Сонымен қатар Форум Нұрбек Раев (Whitehill), Әмірхан Омаров (BeInTech Company), Арсалан Альфред Ни (AV Ventures), Елена Бойцун (Luminate) және Хамбарцум Кахкетян (SmartGateVC) сияқты импакт инвесторлармен стартаптарды біріктіру үшін тамаша мүмкіндік болмақ», – деп атап өтті ұйымдастырушылар. 

Сондай-ақ Seedstars өзінің Seedstars App қосымшасын шығарады және оны пайдалану аясында іс-шараның әрбір қатысушысы start-up жобасы үшін өз дауысын бере алады. Бұл осы 50 % жобаны іріктеу кезінде ескерілетін болады. Қатысуға өтінімді осы қосымша арқылы да беруге болады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109