6837

Сабақ болмайтындығы туралы ақпаратты қайдан алуға болады?

Ауа райының нашарлауына байланысты елорда мектептерінде кейбір сыныптар үшін сабақтар тоқтатылды. Сабақ болмайтындығы жайлы ақпарат бірінші кезекте Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен Білім басқармасының ресми дереккөздерінде жарияланады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Сабақты тоқтату жөнінде шешім қабылданған жағдайда жауапты қызметкер осы ақпаратты Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің диспетчерлік қызметіне, қала бойынша жедел әрекет ету орталығының операторына (109 қызмет көрсету жүйесіне) хабарлайды.

Ақпарат төмендегі дереккөздер арқылы таратылады:

1) Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қызметінен келіп түскен смс-хабарлама;

2) iKOMEK109 қалалық орталығы (109 нөміріне қоңырау соғу, немесе Whatsapp - бот: +7-747-109-0-109 (https://wa.me/+77471090109); Telegram - бот: https://t.me/nursultanikomek109_bot арқылы және iKOMEK109 мобильді қосымшасына тіркеліп, хабарлама алу);

3) Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының ресми интернет-ресурсы (http://bilim.astana.kz);

4) Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының ресми Facebook парақшасы (https://www.facebook.com/bilimastana/);

5) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы (http://astana.gov.kz/);

6) Smart Astana қосымшасы (мобильді қосымшасына тіркеліп, хабарлама алу).

Бірінші ауысым үшін сағат 6.00-ден, ал екінші ауысым үшін сағат 12.00-ден бастап берілген ақпарат қала тұрғындары мен қонақтарын хабардар ету үшін, Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының ресми интернет-ресурсында және Facebook парақшасында жарияланып, білім мекемелерінің басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарына беріледі.

Оқушылар сабаққа келген жағдайда, мектеп басшылығы әдеттегі сабақ кестесіне сай (бақылау жұмыстары мен пәндер бойынша жаңа тақырыптарды игеруді қоспағанда) толық оқу күнін қамтамасыз етеді, сабақ аяқталғаннан соң, балаларды мектептен алып қайту ата-аналармен немесе заңды өкілдерімен қамтамасыз етіледі.

Ауа-райының қолайсыздығы кезінде келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін білім беру ұйымдарында күндізгі және түнгі кезекшілік ұйымдастырылады.

Ата-аналарға ауа-райы туралы деректерді анықтау мақсатында интернет-қосымшалар мен басқа да расталмаған дереккөздерді пайдалану ұсынылмайтындығын айта кеткен жөн.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109