3205

Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлемеген азаматтардың тізімін жаңартты

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2019 жылдың 3 қарашасындағы жағдай бойынша 1 млн. теңгеден жоғары салық төлеуден қарызы бар азаматтардың жаңартылған тізімін ұсынды.

Мемлекеттік кірістер департаменті мүлік, жер және көлік салықтарын төлемеген  жағдайда  жеке тұлғаларда салықтық берешек және өсімпұл өтеу қажеттілігін ескертеді.

Салықтық берешек  туралы  хабарлама  салық төлеушіге  салық берешегі есептелген  күннен бастап 20 жұмыс  күнінен кешіктірмей  жіберіледі.  Егерде  хабарлама алған күннен  бастап  30 жұмыс  күнінде жеке тұлға берешегін өтемеген жағдайда салық берешегін өндіріп алу туралы бұйрығы  шығарылып, 5  жұмыс  күн ішінде жеке тұлғаға  жолданады.

Егерде, жеке тұлға салыктық бұйрықты алғаннан кейін 5 жұмыс  күні ішінде  берешегін өтемесе, аталған бұйрық сот орындаушыларға мәжбүрлеп өндірілуіне жіберіледі. Сот орындаушы  салыктық бұйрықты  алғаннан бастап мәжбүрлеп өндіру  жұмысын бастайды, жұмысты атқару барысында жеке тұлғаның мүлігіне,   жер және көліктеріне,  жеке шоттарына,  сонымен қатар шет  елдерге шығуына шектеу қояды.

Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғаға салықтық берешектерін өтеуден басқа сот орындаушыға берешек сомасының 20% қызметтік ақысын төлеу қажеттілігі туындайтынын ескертеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109