1534

Қазақстанда жыл сайын 15 мың мүгедектігі бар адам жұмысқа орналастырылады

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жыл сайын кемінде 15 мың мүгедектігі бар адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр. Сол ретте келер жылы мүгедектігі бар адамдарды кәміпкерлікке тарту үшін 500 микрокредит және 380 грант бөлінеді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Қазақстан мүгедектігі бар адамдардың жұмыспен қамтылуын 30%-ға дейін арттыруға ниетті. Ол үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазіргі жағдайды талдап, әлемдік тәжірибені зерттеді, мүгедектігі бар адамдармен, ҮЕҰ және жұмыс берушілермен бірқатар кездесулер өткізді. Нәтижесінде мүгедектігі бар адамдарды экономикалық қызметке тартуға кедергі болатын негізгі проблемалар және шешілуі қажет міндеттер анықталды.

Соған сәйкес, мүгедектігі бар адамдардың құзыреттілігі бойынша деректер базасын құру жоспарлануда. Мүгедектер жұмыс істей алатын кәсіптердің атласы әзірленетін болады. Сондай-ақ, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында ІТ-дағдыларға мүгедектігі бар адамдарды оқытуды жүргізу жоспарланып отыр, олар бағдарламалауға, өз бизнесін ілгерілетуге, электрондық коммерциямен және т. б. айналысуға мүмкіндік береді.

Барлық өңірлерде 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік бейімдеумен және оңалтумен айналысатын Оңалту орталықтары жұмыс істейтін болады. 2020 жылы 3 оңалту орталығын, 2021 жылы тағы 3 оңалту орталығын салу жоспарлануда.

Мүгедектігі бар адамдарға 111 call-орталық, халықты жұмыспен қамту орталықтарының байланыс нөмірлері, сондай-ақ есту және сөйлеу қабілеті бұзылған адамдар үшін пайдалануға ыңғайлы мессенджерлер арқылы консультациялар көрсетілетін болады.

Сондай-ақ, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру есебінен жеке оңалту орталықтарын дамыту жөнінде шаралар қабылданатын болады.

Сонымен қатар, мүгедектігі бар адамдарды кәсіпкерлікте жұмысқа орналасуын және жәрдемдесуін көзделген. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жыл сайын кемінде 15 мың мүгедектігі бар адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр. 2020 жылы мүгедектігі бар адамдарға 500 микрокредит және 380 грант, 2021 жылы 550 микрокредит және 420 грант бөлу жоспарлануда.

Бұдан басқа, жұмыс орындарын құруды субсидиялау механизмі қайта қаралатын болады. Стандарттар жеңілдетіледі, соның нәтижесінде 2021 жылдан бастап кемінде 200 арнайы жұмыс орнын құруды субсидиялау басталады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, мүгедектігі бар адамдарды мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордағы штаттық позицияларға, оның ішінде басшылық лауазымдарға тағайындау ұсынылады. Кадрларды іріктеу жұмыс тәжірибесі бар және біліктілік талаптарына сәйкес келетін мамандар қатарынан жүргізіледі.

Сондай-ақ, мүгедектерге тауарлар мен қызметтерді өз бетінше таңдау құқығын беру үшін келесі жылдан бастап Amazon және Alibaba сияқты табысты сервистер қағидаты бойынша әлеуметтік қызметтер порталы енгізіледі. Бұл 338 мың қызмет пен оңалту құралдарын ұсыну мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді және 101 млрд теңгеге жуық игерудің ашықтығын қамтамасыз етеді.

Одан бөлек, мүгедектіктің алдын алу бағыты шеңберінде Қазақстанда халықаралық Әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы әзірлеген «Vision Zero» жарақаттанудың нөлдік тұжырымдамасын енгізу жоспарлануда.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109