2778

Мамандар қыс мезгілінде жарақаттанудың алдын алу мәселелерін көтерді

Қараша айының басынан бүгінгі күнге дейін қаланың медициналық ұйымдарына үсік шалып, жарақат алып түскен елорданың 3 588 азаматына көмек көрсетілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында мамандар қыс мезгілінде жарақаттанудың алдын алу мәселелері туралы айтты.

«2019 жылдың қараша айынан бастап бүгінгі күнге дейін қаланың медициналық ұйымдарына 3 588 азамат үсік шалып, жарақат алуы бойынша түскен. Оның ішінде ауа райының қолайсыздығынан, көктайғақ салдарынан 888 адам зардап шекті, оның 376-сы бала, яғни пайыздық көрсеткіш бойынша 42,3%-ы. Жарақат ауырлығына келетін болсақ, басым көпшілігі жеңіл жарақат алды. Орташа ауырлықтағы жарақаттарымен 4 адам ауруханаға жатқызылды. Қалған адамдарда бұлшық еттердің немесе байламдардың зақымдануы немесе аздаған сынықтары бар болды», - деді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас травматологы Алексей Солод.

Травматологтың сөзінше, жарақат алудың негізгі себебі азаматтардың ұқыпсыздығы, сондай-ақ жолдың тайғақ бөлігінен тез өту ниеті болып табылады.

«Көптеген емделушілерден себебін сұрағанда бәрі тез өтуге, жүгіруге, жолды кесіп өтуге ұмтыламыз деп айтады.  Тұрғындар мұз қатқан учаскелерден аулақ болу, қысқы кезеңде тайғақ емес аяқ киімдерді, бүдір табанды етіктерді сатып алу қажет. Жабысқақ пластырь жабыстыру қажет деген халық аңыздары құлаудан сақтандырмайды, себебі жүру кезінде етіктен ажырап қалады», - деп түсіндірді А.Солод.

Өз кезегінде қалалық Әкімшілік полиция басқармасының Әкімшілік тәжірибе бөлімінің аға инспекторы Ербол Кенжеғалин қала тұрғындары жол қозғалысы кезінде немқұрайлылықтан жарақат алуы мүмкін екендігін айтты.

«Негізінен қыста жаяу жүргіншілер үлкен тымақтарда, ал құлақта құлаққаппен жүреді. Адам бірінші кезекте өз қауіпсіздігін сақтауы керек. Көлік жоқ екендігіне көз жеткізіп барып жолды өту қажет, бірақ көп адам олай жасамайды. Қазіргі уақытта қыста кенеп қатып қалады, сондықтан тежегіш жолы ұлғаюда, тиісінше барлық жүргізушілер басқару жүйесін толық қадағалай алмайды», - деді Е.Кенжеғалин.

Полиция қызметкерінің мәліметі бойынша, 2019 жылдың есептік кезеңінде барлығы 469 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 29 адам қаза болды.

Нұр-Сұлтанда 4 травмпункт пен емханалардағы 20 травматологиялық кабинет травматологиялық көмек көрсетеді.

№ 1 қалалық аурухананың трамвпункті Есіл ауданының тұрғындарына қызмет көрсетеді. Орталық жол ауруханасының жарақат пункті – Сарыарқа ауданының тұрғындарына арналған. Ал Травматология және ортопедия ҒЗИ Алматы және Байқоңыр аудандарына көмек көрсетеді. Бұл ретте балалар үшін № 2 қалалық балалар ауруханасының жарақат пункті жұмыс істейді. Емханалардың жұмыс уақыты 08-ден 20:00-ге дейін. Бұл мекемелердің көмегіне пациенттер тұрғылықты жері бойынша жүгіне алады (анықтамалық ақпарат 109 арқылы).

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109