1152

Елордада балаларға арналған қандай үйірме орталықтары бар?

Нұр-Сұлтан қаласында 11 мемлекеттік қосымша білім беру ұйымдары жұмыс істейді. Олардың көбінде көп балалы, аз қамтылған отбасылардың балаларына, ерекше мұқтаж балаларға жеңілдіктер қарастырылған, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елордаға қосымша білім беруді 11 мемлекеттік ұйым ұсынады: 2 оқушылар сарайы, 3 музыка мектебі, 2 өнер мектебі, Балалар көркемсурет мектебі, Техникалық шығармашылық орталығы, «Шығыс» балалар-жасөспірімдер орталығы, Жасөспірімдер туризмі мен өлкетану орталығы.

Оқушылар сарайлары көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға және ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға тегін қызмет көрсетеді, сондай-ақ ақылы секциялар да жұмыс жасайды.

Жеңілдіктер №1 Балалар музыка мектебінде де қарастырылған. Мұнда көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға 20% жеңілдік берілсе, жетім балалар мен ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға тегін қызмет көрсетіледі.

Сонымен қатар, №2, №3 Балалар музыка мектептерінде көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға 50% жеңілдік көрсетілсе, жетім және ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға тегін қызмет көрсетіледі.

Секциялар туралы толық ақпаратты төменде көрсетілген мемлекеттік мекемелердің мекенжайлары бойынша алуға болады:

- Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Оқушылар сарайы» МКҚК

Сайт: http://www.dvschool-online.kz/

Байланыс телефондары (тел., мекен-жайы): Нұр-Сұлтан қ., Б. Момышұлы даңғ., 5 

тел.: 701219,701255, 701212

- «М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы» МКҚК

Сайт: dvor.kz

Байланыс телефондары (тел, мекен-жайы): Мәмбетов көшесі,1, тел. 32-49-26, 32-49-89

- «№1 Балалар музыка мектебі» МКҚК

Сайт: https://dmsh1-astana.kz/

Байланыс телефондары (тел, мекен-жайы): Желтоқсан көшесі,36. 8 (7172) 314386

 

- «№2 Балалар музыка мектебі» МКҚК

Сайт: Dmsh2astana.kz

Байланыс телефондары (тел, мекен-жайы): Ш. Айманова, 8, тел: 43-70-76, 21-70-73

- «№3 Балалар музыка мектебі» МКҚК

Сайт: astana-dmsh3.kz

Байланыс телефондары (тел, мекен-жайы): Нұр-Сұлтан қ., Бейсекбаев көшесі 3/1, тел. 37-11-19.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109