2439

3 күн ішінде елорда полицейлері 800 ЖҚЕ бұзушылықты анықтады

21-23 қараша аралығында елордалық полицейлер қалада «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасын өткізді. Үш күн ішінде тәртіп сақшылары 800 жол-көлік ережесін бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы жол-көлік оқиғаларының және олардың салдарының ауырлығын алдын алу мен азайту мақсатында өткізілді.

Полиция қызметкерлері тарапынан жол қозғалысына қатысушылар арасында ЖҚЕ талаптарын елемейтін жүргізушілерді анықтау және жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесу бойынша белсенді алдын алу жұмыстары жүргізілуде.

Осылайша, 3 күн ішінде 800-ге жуық жол қозғалысы ережесін бұзушылық анықталды. Оның ішінде маневр жасау ережелерін бұзу бойынша – 57 оқиға, мас күйінде автокөлікті басқару бойынша -14 жүргізуші, қарама - қарсы қозғалыс жолағына шығу бойынша – 9 оқиға, бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту бойынша – 29 оқиға, жаяу жүргіншілерге жол бермеу бойынша -18 оқиға анықталды. 37 автокөлік айып тұрағына жеткізілді. Сондай-ақ, 124 жаяу жүргінші жолды өту кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзды.

Сонымен қатар, қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етілуін бақылауға ерекше көңіл бөлінді.

Жедел алдын алу іс-шарасы аясында полицейлер техникалық ақауы бар көлік құралдарын жолға шығару бөлігінде жол қозғалысы ережесін бұзудың 12 фактісін анықтады.

Автобус парктерінің лауазымды тұлғаларына қатысты ҚР ӘҚБтК 617 бабы бойынша 7 әкімшілік іс қозғалды.

Сонымен қатар, рейс алдындағы медициналық және техникалық тексеруден өтпеген такси жүргізушілері тарапынан 4 құқықбұзушылық фактісі анықталды. Аталған фактілер бойынша таксомоторлық компаниялардың жүргізушілері мен жауапты тұлғалары ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 8-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жалпы, 2019 жылдың басынан бері елордада 469 жол-көлік оқиғасы тіркелген, оның ішінде 29 адам қаза тауып, 500-ден астам азамат түрлі дәрежедегі жарақат алған.

Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 1800 мыңға жуық жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырылды. 64 жүргізуші әкімшілік қамауға алынды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109