2695

Скринингтен кім және қашан өту қажет?

Ағымдағы жылдың 10 айында тегін скринингтік тексеру нәтижесінде сүт безі қатерлі ісігінің ерте сатысындағы 58 жағдай анықталды. Скрининг тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында өткізіледі, бұл емдеу тиімділігін арттыруға және асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қатерлі ісіктің пайда болуына ықпал ететін патологиялық өзгерістерді алдын алу, сондай-ақ ісіктерді ерте даму сатыларында анықтау үшін скринингтік тексерудің бірнеше түрі жүргізіледі.

Сол ретте, қаланың медициналық мекемелерінде 30-дан 70 жасқа дейінгі әйелдер үшін жатыр мойны қатерлі ісігін ерте анықтауға арналған скрининг, акушер-гинекологтың тексеруі, көрсеткіштер бойынша кольпоскопия жасалады.

2019 жылдың 10 айында жатыр мойны қатерлі ісігінің скринингі бойынша 38 142 әйел тексерілді. Олардың төртеуінде ерте сатыдағы қатерлі ісік табылды. 289 жағдайда ісік алды жағдайы анықталды.

Сондай-ақ, мамандар сүт безінің қатерлі ісігін ерте анықтау бойынша рентгенологиялық зерттеу (маммография), көрсеткіштер бойынша маммологтың, онкологтың тексеруін жүргізеді. Оны 40-тан 70 жасқа дейінгі әйелдерге өту керек.

2019 жылдың 10 айында елордада 28 748 әйел сүт безі қатерлі ісігін анықтауға арналған скринингтен өтті. 59 жағдайда қатерлі ісік анықталды, оның 58-і ерте сатыда. Ісік алды жағдайдың саны - 309.

Скринингтік тестілердің тағы бір түрі-50-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдерде колоректалды обырды ерте анықтауға тексеру, хирург, проктолог, гастроэнтерологтың тексеруі, көрсеткіштер бойынша тоқ және тік ішекті эндоскопиялық зерттеу (колоноскопия).

2019 жылы колоректалды обыр скринингі бойынша 32 786 адам тексерілді. Қатерлі ісік диагнозы 10 адамға қойылса, оның 7-де ерте сатыда анықталды.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109