2354

Тұңғыш Президент күніне орай елорда тұрғындары мен қонақтарына тегін экскурсия жүргізіледі

30 қараша мен 1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күнін мерекелеуге орай қала тұрғындары мен қонақтары «Red Bus» екі қабатты экскурсиялық автобустарында басты көрікті орындардың қасынан бірнеше рет мініп, түсуге мүмкіндік беретін тегін экскурсияға қатыса алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Экскурсия «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығынан және «Астана-Бәйтерек» монументінен басталады.

Экскурсия автобус ішіндегі дыбыс күшейткіштер арқылы қазақ және орыс тілдеріндегі аудиогидтер көмегімен жүзеге асырылады (бір рейс - қазақ тілінде, екінші рейс - орыс тілінде, ауысу арқылы). 

Экскурсияны белгілі бір тілде ғана тыңдағысы келетіндер өздерімен бірге құлаққап алып келуі керек. Мерекелік тегін серуен кезінде құлаққаптар берілмейді.

Автобустардың қозғалыс кестесі:

 «AiLand» аялдамасынан қозғалу уақыты:

- сағ. 10.00 (орыс тілінде);

- сағ. 12.10 (қазақ тілінде);

- сағ. 14.30 (орыс тілінде);

- сағ. 16.40 (қазақ тілінде);

- сағ. 18.50 (орыс тілінде).

Ары қарай келесі аялдамалар болады: «Хан Шатыр» СОСО, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы, «Нұр-Әлем» сферасы, Ұлттық Музей, «Астана Бәйтерек» монументі және«AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығы.

 «Астана Бәйтерек» монументі аялдамасынан қозғалу уақыты:

- сағ. 10.30 (қазақ тілінде);

- сағ. 12.40 (орыс тілінде);

- сағ. 15.00 (қазақ тілінде);

- сағ. 17.10 (орыс тілінде);

- сағ. 19.20 (қазақ тілінде).

Ары қарай келесі аялдамалар болады: «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығы, «Хан Шатыр» СОСО, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы. «Нұр-Әлем» сферасы, Ұлттық Музей және «Астана Бәйтерек» монументі.

Барлық сұрақтар бойынша call-орталыққа хабарласуға болады:

+7 777 555 75 75, 77-90-99, Instagram: @redbus.kz.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109