4515

«Нұр-Сұлтан-Түркістан» марафонына қатысушылар 1400 шақырымды бағындырады

28 қарашада елордада дәстүрлі «Нұр-Сұлтан-Түркістан» марафоны басталады. Қатысушылар 7 күнде 1400 шақырымды бағындырады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Марафонға атақты спортшылар, ультрамарафоншылар, марафон жүгірушілер, әуесқой жүгірушілер қатысады. Олардың ішінде елорданың кәсіпкерлері мен құрылысшылары бар. Жарысқа барлығы 10 адам қатысады. Команданы «Қазақстан құрылысшылар одағы» РЗТҚ төрағасы, V шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Талғат Ерғалиев басқарады. Одан бөлек, марафонның жетекшісі қалалар, аудандар мен ауылдардың әкімдерімен, сондай-ақ тұрғындарымен кездесулер өткізеді.

«Нұр-Сұлтан-Түркістан» марафоны 28 қараша күні сағат 9.00-де елордамыздың Қабанбай батыр даңғылы, 3/1 мекен-жайынан басталып, 4 желтоқсан Түркістан қаласында аяқталады.

7 күн ішінде марафон жүгірушілері бір – біріне эстафетаны әр 10 шақырымда тапсырып, 1400 шақырым жүгіріп өтуі керек.  Сонымен қатар, марафон аясында халықпен кездесулер өтеді: Ақмола, Қарағанды және Қызылорда облыстарының елді мекендерінде аялдамалар жоспарланған.

Марафон жүгірушілері Қарағанды облысында орналасқан Бетпақ-Дала шөлі арқылы жүгіріп өтеді. Ұйымдастырушылар мен қатысушылар үшін маршруттың бұл бөлімі аса қауіпті елді-мекен болып табылады. Жылдың осы уақытында шөл далада қарлы боран өтеді. Сондықтан марафонға жүгірушілерді тәжірибелі құтқарушылар тобы, сонымен қатар медициналық қызметкерлер бірге еріп жүреді.

Өскелең ұрпақты Отан сүйгіштікке және патриоттық рухты көтеру, сонымен қатар салауатты, белсенді өмір салтының негізін қалыптастыру - марафонның басты міндеті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109